Қайрат Нұртас аяғы ауыр Ерке Есмаханның асты-үстіне түсіп, өбектеп жүр
Соңғы кездері отандық шоу-бизнестегі ең жарық жұлдыздар Қайрат Нұртас пен Ерке Есмаханды жұрт жиі бірге көретін болды. Әншілер жуырда ғана Қызылордада бірге гастрольде болып келген.
Қос жұлдыз Сыр бойында өткен үйлену тойында өнер көрсетті, деп хабарлайды Экспресс К.
Ерке Қызылордада бірнеше тойда ән салған. Ал ұшаққа қос әртіс бір көлікпен жеткен. Әлеуметтік желіде жарияланған суреттерге қарағанда, Қайрат пен Ерке әуе кемесінде де бірге отырғанға ұқсайды. Желі қолданушылары әнші жігіттің нәзік жанды әріптесінің асты-үстіне түсіп, қалаған уақытында жанын табылуға дайын екенін байқапты.
Instagram желісіндегі Қайратпен түскен суретінің астына Ерке Рамазан айының аяқталып тойларға кезек келуі себепті екеуінің жолға шыққанын жазған.
Қос әншінің тыңдармандары Қайрат пен Еркенің араларында не барын болжап білер емес. Бұған дейін әнші қыз туған күнін отбасын жырақта атап өткен Қайраттың көңіліне демеу болса, жуырда ғана өзінің парақшасына аяғы ауыр екенін көрсететін сурет салған болатын. Болашақ сәбидің әкесіне қатысты көпшіліктің мазасын алуда.
Ал Қайрат әлеуметтік желіде өзінің қателіктері туралы жыр шумақтарын жариялауда.
Фото: Ашық дереккөз