Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.
Қазақстан Қарулы Күштерінің 30 жылдығы мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған 2022 жылы әскери шеру өткізілмейді,
— деп хабар таратты Қорғаныс министрлігі.
Дегенмен елімізде осы мерекелерге арналған өзге шаралар ұйымдастырылады. Мәселен ел бойынша ерлік сабақтары мен ашық есік күндерін өткізу, сондай-ақ мерекелік концерттер ұйымдастыру жоспарланған.
Бұдан басқа, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлерін құрметтеу жөніндегі іс-шаралар да ұмыт қалмайды.
Еліміздегі ең соңғы әскери шеру 2018 жылы 7 мамырда өткенін еске сала кетейік. Сол кездегі парадқа 3 мыңға жуық әскери қызметші, 300 бірлік қару-жарақ пен әскери техника, сондай-ақ 40-қа жуық ұшақ қатысқан еді.
ФОТО: Ашық дереккөз