Журналист Борейко неге борбайлап жүр?
Республикадағы ең үлкен мегаполис — Алматының оңтүстігін орай орналасқан Іле Алатауы ұлттық табиғи паркі төңірегінде дау толастаған емес. Тұмса табиғатты қаз-қалпында сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді мұрат тұтқан қазақ қоғамы туризм мен демалыс орындарын заңсыз пайдалану арқылы пайдаға кенелуден өзгені ойламайтын, табиғатты талқандайтын талай бизнес жобаның жолын кесіп, тоқтатты. Бұған экологтармен қатар, Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің ұжымы да мүдделі. Себебі, табиғатқа орны толмас зиян келсе, оның жауапкершілігі қорықшылардың мойнында, соңында сұрауы парк басшылығынан болады
Соңғы кездері Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің ұжымы мен басшылығының аяғынан шалу, олар жөнінде жағымсыз қоғамдық пікір қалыптастыруға ұмтылу байқалады. Осындай ақпарат соғысына журналистер де жегілген. Соның бірі — табиғат жанашыры кейпіне еніп алған Вадим Борейко. Зейнеткер журналист соңғы бір жылдан бері Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры Дамир Малгелдиевтің қыр соңына түсіп алып, оған «жаптым жала, жақтым күйе» жасаумен әуре болып жүр. Сөйтіп жұмысын Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық паркінде кіші ғылыми қызметкер, қарапайым эколог-инспектор болып бастап он сегіз жыл бойы жұмыс істеп, бас директорлыққа төрт жыл бұрын тағайындалған Д.Малгелдиевке қарсы ауқымды қаралау кампаниясы басталып кетті. Бұл іске басында осы парктің бірді-екілі инспекторы да тартылған. Журналист Вадим Борейко түкке тұрғысыз уәжін жағдайды толық түсіне бермейтін қоғам белсенділеріне тықпалап, қуаттатып қолдан дау туғызып жатыр. Сонымен Борейконың борбайлаған бопсасы, тағып отырған айыбы не? Осыған тоқтала кетейік. 2021 жылдың 20-мамырында В.Борейконың «ГиперБорей» деп аталатын YouTube арнасында Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің Медеу филиалында инспектор болып істейтін Қайрат Найзабаевтың президент Қ.Тоқаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев мырзаларға жасаған ашық үндеуі жарияланады. Онда инспектор Үлкен Алматы орманшылығындағы сайда орналасқан нөмірі 4-ші кордонда заңсыз құрылыс жасалған, әлдекімдер сол жерді жекеменшікке алып, ол жерде қора салып, мал ұстайды, ал малдарының қиы Алматы тұрғындары су ішетін өзенге ағып жатыр деп айыптаған. Мұны естіген соң мәселенің мән-жайын көзбен көріп, өз құлағымызбен есту үшін ерінбей дау болған жерге бардық. «Бақсам, бақа екен» дегендей, мәселе мүлдем басқаша болып шықты. Біреудің жекеменшігі делінген құрылыс жер телімімен бірге ұлттық парктің, яғни мемлекеттің меншігінде екен. Бұл кордонда өткен ғасырдың 50-жылдары салынған, әбден тозып құлағалы тұрған, адамдар мен малға қатер төндірген ескі шошала болыпты. 2019 жылы осы кордонда орманшы болып істеген Д.Түгелбаев деген азамат ұлттық парктің Медеу филиалының директорына өз есебінен осы жерде жаңа шруашылыққа қажет құрылыс, жем сақтайтын орын салу туралы арыз жазған. Өйткені қирағалы тұрған қора бір күні құлап, ондағы аттар мен қорықшының өміріне қауіп төндіретін еді. Басшылық осы арыз негізінде тексеру жасап, арнайы акт толтырған соң, орманшының өз есебінен құрылыс жүргізуге рұқсат етеді. Кейін құрылыс кезінде орманшы жалдаған адамның бірі құрылыс басында қаза табады. Алматы қ. ІІД бұл оқиға бойынша тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізіп, мұнда қылмыстың ізі жоқ, марқұм бақытсыз жағдай салдарынан көз жұмған деп тұжырады. Бұл оқиғадан соң бастама көтерген орманшы өз еркімен жұмыстан кетеді. 2020 жылы осы кордонға жақын жерде жер жалдап, туризм бағытында жұмыс істеп жатқан «Золотой янтарь» ЖШС иесі аяқталмай қалған құрылысты жалғастыру туралы ұсыныс жасайды. Және құрылыс шығынын толық өз мойнына алады. Орманшының жаңа тұрағы мен атқора ұлттық парк қызметкерлеріне берілген қызметтік мініс аттарды ұстауға керек. Екінші жағынан осы кордонда демалушыларға ат туризмі қызметін ұсынуға мүмкіндік береді. Осылайша кәсіпкер мемлекеттік парктен бір тиын да алмай және ақысына ештеңе сұрамастан жаңа баспана мен атқора салып береді. Және бұл әрекеті мемлекеттің қарамағындағы әрі қорғауындағы аумақтар туралы, Ұлттық парктер туралы заңдарға еш қайшы келмейді. Әрі оның бәрі мемлекеттің меншігінде тұр. Бар айырмашылығы өткен ғасырдың 50-жылдарынан келе жатқан ескі қора, жем сақтайтын қойма, демалатын орын жаңаланды. Оған мына суреттер дәлел.
Борейконың арнасындағы әлдекімдер бұл жерде сиыр ұстап, бизнес жасап жатыр, ал малдың қиы алматылықтар суын ішіп отырған өзенге ағуда деген сөздер де шылғи өтірік болып шықты. Мұндағылар сүт ішіп, майын алу үшін бірді-екілі сиыр ұстап отыр екен. Ал орманшыға бала-шағасына азық қылу үшін мал ұстауға заңның өзі рұқсат етеді. Екіншіден, қорадан аулақ жерде ағатын «Қасқабас» деп аталатын жылға секілді шағын өзен әлгі малдың қиы құйылып жатыр дейтін «Проходная» өзенінен 70 метр қашықта жатыр екен. Орманшылар малдың қиы өзенге жетпейтінін, оны арнайы орынға жинап, кейін өздерінің тәлімбақтарына көң ретінде пайдалануға апаратынын айтады. Үшіншіден, бұл жылға деуге келетін шағын су көзі Алматы тұрғындары ішетін су қорына жатпайды. Төртіншіден, мән-жайды өзіне түсіндіргеннен кейін, өзінің әлдекімнің қолжаулығы болып, арандап қалғанын түсінген инспектор Қ.Найзабаев әлеуметтік желіде жария түрде өзінің үндеуіндегі деректердің қате екенін
Айтпақшы ол инспекторды бұл үшін ешкім жұмыстан қумаған. Керісінше, жаза басқанын түсініп, қолдау көрсетіпті. Бірақ Борейко мұнымен тоқтағысы келмейді. 30-мамырда өзінің «ГиперБорей» арнасында «Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нің Талғар филиалына қарасты «Қотыр Бұлақ» орманшылығында инспектор болып істеген Н.Кульбасов дейтін адамның бейнеүндеуін жариялайды. Н.Кульбасов өзіне басшылықтың мініс ат ретінде құлын бергенін, оның өліп қалғанын, сол үшін бекерден қарыз болғанын, өз қаржысына салған баспананың ақшасын ала алмағанын, ақырында денсаулығына байланысты деген сылтаумен өзін жұмыстан шығарып жібергенін баяндайды. Сол үшін соттасқан да екен. Ең қызығы, соттың бәрінде бұрынғы орманшы жеңіліп қалған. Себебі қолында айтқанының бәрін қуаттайтын тастай дәлелі жоқ. Құжат бойынша Н.Ф.Кульбасовқа 2017 жылғы 13 наурыз айында актімен 3 жасар қызметтік жылқы №238300000002 тіркеу нөмірімен берілген. Оған өзі қол қойған. 2017 жылы Н.Ф.Кульбасов өз еркімен кету туралы арыз жазыпты. Бірақ мемлекет меншігіндегі 3 жасар қызметтік жылқыны қайтаруға асықпаған көрінеді. Мойнына ілінген жылқыны орнына қайтармағаны үшін Іле-Алатау МҰТП 2018 жылы оны сотқа береді. Сотта бұрынғы орманшы мемлекеттік мекеменің берген жылқысын өзінің кінәсінен жоғалтып алғанын, орнына өз еркімен қойған 3 жасар жылқыны кейін қарыздарынан құтылу үшін сатып жібергенін мойындапты. Сотта бұрынғы орманшы кордонда өз ақшама үй салдым дегенін де дәлелдеп бере алмаған. Ал оның әріптестері яғни өзге мемлекеттік инспекторлар Н.Кульбасовқа қарсы ашық хат жазып, онда оның өзі ылғи арақ ішіп, той тойлап жұмысқа жиі мас болып келетінін, жалған сөйлеп, әріптестерін басшылықтың үстінен арыздануға үгіттемек болғанын баяндайды. Міне табиғат жанашыры, жәбір көрген орманшылардың қорғаны болып көрінуге ұмтылып жүрген Борейконың уәждерінің түкке тұрғысыз дейтініміз осы. Ең қызығы өзін журналистиканың жілігін шағып, майын ішкен майталман ретінде жарнамалайтын В.Борейко осы айтылған деректерді тексеруді, екінші тараптың уәжін тыңдауды қажет деп таппайды. Ал бұл журналистика әліппесінің ең бірінші мызғымас талаптың бірі. Сонда Борейко неге гиперборбайлайды? Журналист Вадим Борейконың Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры Дамир Малгелдиевке қарсы бастаған ақпараттық қаралау кампаниясының негізгі себебі мына жағдаймен байланысты болса керек. Соңғы кездері Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық паркінің басшылығы парк аумағын өткізу бекеттеріндегі қызметкерлер арасындағы жемқорлықпен қатаң күресуді қатаң қолға алды. Және ұлттық парк аумағындағы жерді жалға алушылардың арасында өрескел заң бұзғандармен сөзге келместен келісімшартты бұзуға кіріскен. Мәселен осындағы 123 жер пайдаланушының 19-ымен келісімшарттың күші жойылған, заң талабын бұзғаны үшін тағы 25 жер қолданушымен келісімді бұзу туралы ескерту жолданған.
KzRuQaz Басты бет Жаңалықтар Уақыт керуені Қоғам Экономика Өңір Басқада Басты бет > Уақыт керуені Журналист Борейко неге борбайлап жүр? Oinet.kz 01-07-2021 Республикадағы ең үлкен мегаполис — Алматының оңтүстігін орай орналасқан Іле Алатауы ұлттық табиғи паркі төңірегінде дау толастаған емес. Тұмса табиғатты қаз-қалпында сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді мұрат тұтқан қазақ қоғамы туризм мен демалыс орындарын заңсыз пайдалану арқылы пайдаға кенелуден өзгені ойламайтын, табиғатты талқандайтын талай бизнес жобаның жолын кесіп, тоқтатты. Бұған экологтармен қатар, Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің ұжымы да мүдделі. Себебі, табиғатқа орны толмас зиян келсе, оның жауапкершілігі қорықшылардың мойнында, соңында сұрауы парк басшылығынан болады. Соңғы кездері Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің ұжымы мен басшылығының аяғынан шалу, олар жөнінде жағымсыз қоғамдық пікір қалыптастыруға ұмтылу байқалады. Осындай ақпарат соғысына журналистер де жегілген. Соның бірі — табиғат жанашыры кейпіне еніп алған Вадим Борейко. Зейнеткер журналист соңғы бір жылдан бері Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры Дамир Малгелдиевтің қыр соңына түсіп алып, оған «жаптым жала, жақтым күйе» жасаумен әуре болып жүр. Сөйтіп жұмысын Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық паркінде кіші ғылыми қызметкер, қарапайым эколог-инспектор болып бастап он сегіз жыл бойы жұмыс істеп, бас директорлыққа төрт жыл бұрын тағайындалған Д.Малгелдиевке қарсы ауқымды қаралау кампаниясы басталып кетті. Бұл іске басында осы парктің бірді-екілі инспекторы да тартылған. Журналист Вадим Борейко түкке тұрғысыз уәжін жағдайды толық түсіне бермейтін қоғам белсенділеріне тықпалап, қуаттатып қолдан дау туғызып жатыр. Сонымен Борейконың борбайлаған бопсасы, тағып отырған айыбы не? Осыған тоқтала кетейік. 2021 жылдың 20-мамырында В.Борейконың «ГиперБорей» деп аталатын YouTube арнасында Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің Медеу филиалында инспектор болып істейтін Қайрат Найзабаевтың президент Қ.Тоқаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев мырзаларға жасаған ашық үндеуі жарияланады. Онда инспектор Үлкен Алматы орманшылығындағы сайда орналасқан нөмірі 4-ші кордонда заңсыз құрылыс жасалған, әлдекімдер сол жерді жекеменшікке алып, ол жерде қора салып, мал ұстайды, ал малдарының қиы Алматы тұрғындары су ішетін өзенге ағып жатыр деп айыптаған. Мұны естіген соң мәселенің мән-жайын көзбен көріп, өз құлағымызбен есту үшін ерінбей дау болған жерге бардық. «Бақсам, бақа екен» дегендей, мәселе мүлдем басқаша болып шықты. Біреудің жекеменшігі делінген құрылыс жер телімімен бірге ұлттық парктің, яғни мемлекеттің меншігінде екен. Бұл кордонда өткен ғасырдың 50-жылдары салынған, әбден тозып құлағалы тұрған, адамдар мен малға қатер төндірген ескі шошала болыпты. 2019 жылы осы кордонда орманшы болып істеген Д.Түгелбаев деген азамат ұлттық парктің Медеу филиалының директорына өз есебінен осы жерде жаңа шруашылыққа қажет құрылыс, жем сақтайтын орын салу туралы арыз жазған. Өйткені қирағалы тұрған қора бір күні құлап, ондағы аттар мен қорықшының өміріне қауіп төндіретін еді. Басшылық осы арыз негізінде тексеру жасап, арнайы акт толтырған соң, орманшының өз есебінен құрылыс жүргізуге рұқсат етеді. Кейін құрылыс кезінде орманшы жалдаған адамның бірі құрылыс басында қаза табады. Алматы қ. ІІД бұл оқиға бойынша тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізіп, мұнда қылмыстың ізі жоқ, марқұм бақытсыз жағдай салдарынан көз жұмған деп тұжырады. Бұл оқиғадан соң бастама көтерген орманшы өз еркімен жұмыстан кетеді. 2020 жылы осы кордонға жақын жерде жер жалдап, туризм бағытында жұмыс істеп жатқан «Золотой янтарь» ЖШС иесі аяқталмай қалған құрылысты жалғастыру туралы ұсыныс жасайды. Және құрылыс шығынын толық өз мойнына алады. Орманшының жаңа тұрағы мен атқора ұлттық парк қызметкерлеріне берілген қызметтік мініс аттарды ұстауға керек. Екінші жағынан осы кордонда демалушыларға ат туризмі қызметін ұсынуға мүмкіндік береді. Осылайша кәсіпкер мемлекеттік парктен бір тиын да алмай және ақысына ештеңе сұрамастан жаңа баспана мен атқора салып береді. Және бұл әрекеті мемлекеттің қарамағындағы әрі қорғауындағы аумақтар туралы, Ұлттық парктер туралы заңдарға еш қайшы келмейді. Әрі оның бәрі мемлекеттің меншігінде тұр. Бар айырмашылығы өткен ғасырдың 50-жылдарынан келе жатқан ескі қора, жем сақтайтын қойма, демалатын орын жаңаланды. Оған мына суреттер дәлел. Борейконың арнасындағы әлдекімдер бұл жерде сиыр ұстап, бизнес жасап жатыр, ал малдың қиы алматылықтар суын ішіп отырған өзенге ағуда деген сөздер де шылғи өтірік болып шықты. Мұндағылар сүт ішіп, майын алу үшін бірді-екілі сиыр ұстап отыр екен. Ал орманшыға бала-шағасына азық қылу үшін мал ұстауға заңның өзі рұқсат етеді. Екіншіден, қорадан аулақ жерде ағатын «Қасқабас» деп аталатын жылға секілді шағын өзен әлгі малдың қиы құйылып жатыр дейтін «Проходная» өзенінен 70 метр қашықта жатыр екен. Орманшылар малдың қиы өзенге жетпейтінін, оны арнайы орынға жинап, кейін өздерінің тәлімбақтарына көң ретінде пайдалануға апаратынын айтады. Үшіншіден, бұл жылға деуге келетін шағын су көзі Алматы тұрғындары ішетін су қорына жатпайды. Төртіншіден, мән-жайды өзіне түсіндіргеннен кейін, өзінің әлдекімнің қолжаулығы болып, арандап қалғанын түсінген инспектор Қ.Найзабаев әлеуметтік желіде жария түрде өзінің үндеуіндегі деректердің қате екенін мойындап, сөзін қайтып алды. Айтпақшы ол инспекторды бұл үшін ешкім жұмыстан қумаған. Керісінше, жаза басқанын түсініп, қолдау көрсетіпті. Бірақ Борейко мұнымен тоқтағысы келмейді. 30-мамырда өзінің «ГиперБорей» арнасында «Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нің Талғар филиалына қарасты «Қотыр Бұлақ» орманшылығында инспектор болып істеген Н.Кульбасов дейтін адамның бейнеүндеуін жариялайды. Н.Кульбасов өзіне басшылықтың мініс ат ретінде құлын бергенін, оның өліп қалғанын, сол үшін бекерден қарыз болғанын, өз қаржысына салған баспананың ақшасын ала алмағанын, ақырында денсаулығына байланысты деген сылтаумен өзін жұмыстан шығарып жібергенін баяндайды. Сол үшін соттасқан да екен. Ең қызығы, соттың бәрінде бұрынғы орманшы жеңіліп қалған. Себебі қолында айтқанының бәрін қуаттайтын тастай дәлелі жоқ. Құжат бойынша Н.Ф.Кульбасовқа 2017 жылғы 13 наурыз айында актімен 3 жасар қызметтік жылқы №238300000002 тіркеу нөмірімен берілген. Оған өзі қол қойған. 2017 жылы Н.Ф.Кульбасов өз еркімен кету туралы арыз жазыпты. Бірақ мемлекет меншігіндегі 3 жасар қызметтік жылқыны қайтаруға асықпаған көрінеді. Мойнына ілінген жылқыны орнына қайтармағаны үшін Іле-Алатау МҰТП 2018 жылы оны сотқа береді. Сотта бұрынғы орманшы мемлекеттік мекеменің берген жылқысын өзінің кінәсінен жоғалтып алғанын, орнына өз еркімен қойған 3 жасар жылқыны кейін қарыздарынан құтылу үшін сатып жібергенін мойындапты. Сотта бұрынғы орманшы кордонда өз ақшама үй салдым дегенін де дәлелдеп бере алмаған. Ал оның әріптестері яғни өзге мемлекеттік инспекторлар Н.Кульбасовқа қарсы ашық хат жазып, онда оның өзі ылғи арақ ішіп, той тойлап жұмысқа жиі мас болып келетінін, жалған сөйлеп, әріптестерін басшылықтың үстінен арыздануға үгіттемек болғанын баяндайды. Міне табиғат жанашыры, жәбір көрген орманшылардың қорғаны болып көрінуге ұмтылып жүрген Борейконың уәждерінің түкке тұрғысыз дейтініміз осы. Ең қызығы өзін журналистиканың жілігін шағып, майын ішкен майталман ретінде жарнамалайтын В.Борейко осы айтылған деректерді тексеруді, екінші тараптың уәжін тыңдауды қажет деп таппайды. Ал бұл журналистика әліппесінің ең бірінші мызғымас талаптың бірі. Сонда Борейко неге гиперборбайлайды? Журналист Вадим Борейконың Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры Дамир Малгелдиевке қарсы бастаған ақпараттық қаралау кампаниясының негізгі себебі мына жағдаймен байланысты болса керек. Соңғы кездері Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық паркінің басшылығы парк аумағын өткізу бекеттеріндегі қызметкерлер арасындағы жемқорлықпен қатаң күресуді қатаң қолға алды. Және ұлттық парк аумағындағы жерді жалға алушылардың арасында өрескел заң бұзғандармен сөзге келместен келісімшартты бұзуға кіріскен. Мәселен осындағы 123 жер пайдаланушының 19-ымен келісімшарттың күші жойылған, заң талабын бұзғаны үшін тағы 25 жер қолданушымен келісімді бұзу туралы ескерту жолданған. Табиғат жанашыры кейпіне енген, заң мен әділеттің жаршысы болып жүрген Борейконың мәселен мына суреттердегі сорақылықтарды неге көрмегеніне таң қаласың. Тұмса табиғаттың қойнауынан ойып тұрып орын алған бұл демалыс орнының иесі, заң мен талаптарға шекесінен қарап, қоршаған ортаға орны толмас зиян келтіріп келген. Енді сот шешімімен оның әрекетіне тыйым салынып, салған құрылысы бұзылмақ. Әрине өзін асырап отырған астаудан айырылып қалу кімге ұнасын? Заң бұзғанымен шаруасы жоқ, өзінен бұрын өзгені кінәлауға бейімдердің де парк басшылығына тісін қайрайтыны түсінікті. Журналист Вадим Борейко осы сәтті ұтымды пайдаланып, астыртын ақпараттық қаралау кампаниясына білек сыбана кірісіп кетіпті. Тек онысы «Тисе терекке, тимесе бұтаққа» дегенге ұқсайтынымен шаруасы жоқ секілді.