Тоғыз облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазқстанның тоғыз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
8 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде қатты нөсер жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.
8 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
8 тамызда Ақмола облысының кей жерлерде найзағай ойнап, күн күркірейді. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.
8 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күн күркірейді. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады. Таңертең және күндіз желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.
8 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, күн күркірейді. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.
8-9 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа аусады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.
8 тамызда Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, күші жаңбыр кезінде 15-20 м/с жетеді.
8 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күн күркірейді. Жел солтүстік-батыстан, батыстан, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
8 тамызда түнде Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күн күркірейді. Кей жерлерде солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с.