Мәңгілік алауға кіргізбеген: Әкімдік ардагерден кешірім сұрады (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде тараған видеода Алматы қалалық қоғамдық даму басқармасы жетекшісінің орынбасары Айдар Есенбековтің ардагерден кешіріп сұрап жатқан сәтін байқауға болады. «Біз кінәліміз, басымызды иіп кешірім сұраймыз. Бұл коронавирустың тарауымен байланысты атқарылып жатқан шаралар»- деді әкімдік өкілі,
Айта кетейік, кеше яғни 9 мамыр Жеңіс күнінде Алматыдағы панфиловшылар саябағына келген ардагерді сақшылар Мәңгілік алауға кіргізбей қойған еді. Қарияның қасына ілескен адамдар да ардагердің мемориалға жалғыз кіруін өтінген. Алайда саябақты күзетіп тұрғандар бұған да көнбей қойған.
Видео әлеуметтік желіге тарап кеткеннен кейін Алматы әкімдігінің өкілдері қариядан кешірім сұрап, Мәңгілік алауға гүл қоюға рұқсат берді. Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алуға келген ардагердің аты-жөні Иван Абдулов екен. 1930 жылы туған. Ардагерлер сайтында оның балалар үйінде тәрбиеленіп, бала кезден соғысқа араласқаны жазылған.