Руслан Жылқыбай: «Кімнің тоқалы болса, оның тоқалы болсын!»
Журналист Руслан Жылқыбай әлеуметтік желідегі парақшаларының бірінде телеарналарда эфир тізгіндеген танымал әншілердің көбейгеніне күйінді, деп хабарлайды jurnalist.kz. Белгілі журналист өз жазбасында өнер жұлдыздарының бірімен әріптес болғанын айта келе, эфир барысындағы үзіліс кезінде «қазір былай сөйлеңіз, бүйтіп айтыңыз» деп, жөн сілтеуден шаршағанын жазған.
“Аааа іііі» деп, сөзді байланыстыра алмайды, қателесе береді. Басшыға барып, әріптесімнің хабарды жүргізе алмайтынын, орнынан алып тастау керектігін айттым. Басекең ол әншіні орнынан алса, өзінің де қызметтен қуылатынын, олай жасай алмайтынын жеткізді. Амал жоқ, «аааа іііі» дей беретін әріптеспен жұп болып, біраз эфирді жүргіздік. Сосын мен кеттім, ол кісі әлі жүр).
Журналистің орнын әншінің басуына басшылар тікелей кінәлі. Өйткені — мінез жоқ, қорқады. «Кімнің тоқалы болса, оның тоқалы болсын, эфирге шығара алмаймын, әріптестерге қиянат жасай алмаймын»- деп, тіке айта алатын қайсар кісілер жоқ шығар бүгінде?! Мықты деп жүрген ағалар қызметке барғанда мінезсіз болып, сынып қалып жатады. Дұрыс емес ол! Тв-дан кеткем жоқ. Жәй, мінезсіз ағаға, былыққа толы жүйеге ренжисің кейде…”, — деді журналист.