Карантин әншілердің ставкасына әсер етті ме?
Тележүргізуші Данияр Есен өнер жұлдыздарына хабарласып, карантиндегі ставкаларын анықтады, деп хабарлайды jurnalist.kz.
Журналист алдымен Ерке Есмаханға қоңырау шалды. Қазақ эстрадасының еркесі қуанышыңызды бөліссін десеңіз, қалтаңызда 5000 АҚШ доллары болуы қажет. Әнші осыған дейін тойларда 7000 долларға ән салып келген екен. Баға қазіргі курспен есептеледі, сондай-ақ оған қоса екі адамның барып-келу әуе билеті тағы бар.
Ал хитмен Қайрат Нұртастың той төрінен табылуы қазіргі курспен 8000 доллар тұрады. Қарақат Әбілдинаның 5 әні 3000 долларға бағаланған. Сахна серісі Нұрболат Абдуллиннің де ставкасы аспандап тұр. 6000 долларға екі адамның келіп-кету әуе билетін қосу міндетті. Бірнеше хит әндердің орындаушысы Әбдіжаппар Әлқожа 5000 доллар, ал Мәдина Сәдуақасова 1 миллион теңгеге тойыңызың сәнін келтіруге әзір.