Қоғам

Мақтааралдықтарға берілетін өтемақының көлемі белгілі болды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары бастаған үкіметтік комиссия Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су басқан аймағына барды, деп хабарлайды jurnalist.kz.

Су шайып кеткен аумақтарды ұшақпен аралап шыққан Роман Скляр Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев және өзбекстандық әріптестерімен бірлесіп, Өргебас және Фирдоуси ауылдарына барды.

Тұрғындармен кездесіп, өңір ақсақалдарымен тілдескен мемлекеттік комиссия мүшелері Мырзакент елді мекенінде жиналыс өткізді. 

Талқылау барысында Түркістан облысы әкімінің ұсынысы бойынша, су басқан ауылдардың әр тұрғынына 100 мың теңгеден өтемақы төлеу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ Мырзакент төңірегінде үй-жайынан айырылған Достық, Жаңа тұрмыс және Жеңіс ауылдарының тұрғындары қоныс аударатын жаңа шағын аудан салынбақ. 

Басқа материалдар

Back to top button