Министрлік жинаған қаржы қаза болған қорықшының отбасына берілмеген(видео)
Өткен қыста браконьерлердің қолынан қаза болған Ерлан Нұрғалиевтің отбасына ешқандай материалдық көмек көрсетілмеген. Тіпті, бір күндік жалақыларын аударып, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жинаған қаржысы да берілмепті. Бұл туралы марқұмның туыстары мәлімдеме жасап, Президенттен көмек сұрады. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев осы аптада қаскөйлердің кесірінен мерт болған қорықшы Қаныш Нұртазиновті бірінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттау туралы Жарлықа қол қойды. Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады.
Өткен қыста браконьерлердің кесірінен қаза болған қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің ісіне қатысты тергеу жұмысы әлі созылып келеді. Тіпті, билік тарапынан қаралы отбасына материалдық көмек те жасалмаған. Тұтас Үкіметтің атынан келіп сөйлеген Ауыл шаруашлығы министрінің сол кездегі орынбасары Арман Евниев бір күндік жалақымызды аударамыз деп жар салған. Бұл да сөз күйінде қалыпты.
АРМАН ЕВНИЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ БҰРЫНҒЫ ОРЫНБАСАРЫ:»Ауыл шаруашылығы министрлігінде 500ге жуық адам жұмыс істейді. Орталық аппаратта. 1 күндік ақы 4 млн теңгенің көлемінде болады».
500 адамның бір күндік жалақысы қазір қайда, кімнің қалтасында ешкім білмейді. Одан бері Үкімет қайта жасақталып, Ауыл шаруашылығы министрі де, орынбасарлары да ауысып кетті. Тіпті, құрылымдық өзгерістер болып, жануарлар дүниесін қорғау қазір Экология министрлігіне қарайды.
ҒАЛЫМЖАН ТӘУЕКЕЛОВ – МАРҚҰМ ЕРЛАН НҰРҒАЛИЕВТЫҢ ДОСЫ:»Я лично разговарвал с бухгалтером МСХ она потверждала что собраны деньги однако сказала. Берлмеген. Самый интересно, жұрттан бәрінен жинаған батаны. Не оларға қайтып берілмеген, не мына жаққа берілмеген».
Ерлан Нұрғалиевтің ісіне қатысты 7 адам анықталған. Оның үшеуі ғана айыпталып жатыр. Ал екінші көліктегі қашып кеткен 4 адам заңсыз аң аулағаны үшін тергеліп жатқан көрінеді.
ҒАЛЫМЖАН ТӘУЕКЕЛОВ – МАРҚҰМ ЕРЛАН НҰРҒАЛИЕВТЫҢ ДОСЫ:»Мы эту группу не считаем что она отдельная группа каждый сам по себе , а она одна организованная группа занимающаяся незаконной охотой…»
Әділдік іздегендер бұл мәселеге Президенттің де назар аударуын өтінуде. Ерлан Нұрғалиевтің ісіне қатысты тергеуді созып жүргенде міне, тағы да браконьерлер тарапынан қорықшыларға қастандық жасалды. Бірақ бұл мәселе бей-жай қалмайтыны анық. Өйткені, Мемлекет басшысының өзі араласып, заңды қатаңдату туралы тапсырма берді. Тіпті, бүгін Қасым Жомарт Тоқаев браконьерлермен күресте қазақ болған Қаныш Нұртазинов пен жарақат алған Самат Оспановты мемлекеттік наградамен марапаттады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан:
«Қорықшы-инспекторлар Қаныш Нұртазинов пен Самат Оспанов мемлекетіміздің табиғи байлығын қорғау жолында ержүректілік көрсетті. Олардың ерлігін мақтан тұтамыз! Қ.Нұртазиновтің отбасына көмек көрсетіледі. Оның есімі мәңгі жадымызда сақталады. Иманды болсын!»
23 шілде күні қаза болған «Охотзоопром» мекемесінің инспекторі Қаныш Нұртазиновтің сүйегі ертең жер қойнына тапсырылады. Жерлеу рәсімі Жезқазғандағы орталық мешітте өтеді. ((АҚМОЛА ОБЛЫСЫ))Ал оның жанында болған әріптесі Самат Оспанов қазір Көкшетау қаласындағы облыстық ауруханада ем қабылдауда.
А.ОРЫНҒАЛИҰЛЫ