Ата-аналар чатында мұғалімдерді мазамалау керек

Оқу-ағарту министрі, таңнан кешке дейін балаға білім беріп, жарғақ құлағы жастыққа тимейтін ұстаздарды жақтап, ата-аналарға үндеу жариялады. Әсіресе, жұмыстан тыс уақытта ортақ чат арқылы толассыз сұрақ қойып, мазалауды доғару керек, — дейді Жұлдыз Сүлейменова. Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады.
Дегенмен, министрліктің мақсаты ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы байланысты шамадан тыс шектеу емес. Қарым-қатынас белгілі бір ережелер мен өзара құрметке негізделуі тиіс. Осылай деген ведомство басшысы, ата-аналар чатындағы хат-хабар алмасудың тәртібіне регламент орнату қажет деп есептейді.
-Әрине сабақ біткеннен кейін, өте бір жедел, өте бір маңызды ата-аналардың сұраныстары болуы мүмкін. ол кезде ұстаздарымыз міндетті түрде ата-аналарға хабарласып, мәселенің шешіміне атсалысатын болады. бірақ кез келген болатын, болмайтын, ұсақ-түйек мәселемен біздің ұстаздарымызды мазаламаса екен деген бір қоғамдық әдеттің, қоғамдық этиканың жаңа нормасы туралы менің ұсынысым болды,-деді министр Жұлдыз Сүлейменова.
ФОТО: Ашық дереккөз



