Басты жаңалықтарВидеоҚоғам
Аша Матай депутат болатынына сенімді екенін айтты

Белгілі әнші, тележүргізуші Аша Матай алдағы сайлауда Құрылтайға депутат болатынына сенімді екенін айтты. Бұл туралы шоу-бизнес өкілі әлеуметттік желідегі парақшасына жазды.
Оның айтуынша, әлдекімдер Аша Матай депутаттыққа үміткерліктен “бас тартты” деген ақпарат таратыпты. Ол жалған екен. Әнші мұның бәрі тапсырыспен жасалғанын мәлімдеді.
-Мұң-мұқтаждарыңызды маған айтыңыздар. Үміттеріңізді Құрылтайға арқалап барамын,-деді өнер жұлдызы.
Айта кетейік, Аша Матай “Қазақстан Халық партиясынан” Құрылтай сайлауына түсіп жатыр.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз



