Басты жаңалықтарВидеоМәдениет
Әншінің ерекше баласын ЖИ арқылы сөйлеткен тележоба сынға қалды

«Хабар» арнасындағы «КешREC» бағдарламасында әнші, актер Жасұлан Базарбаев эфир үстінде жылап, шыдай алмай сыртқа шығып кеткен. Себебі, ол сөйлемейтін қызының жасанды интеллект арқылы дауысын естігенде қатты толқыды. Көз жасына ерік берген «Диета» тобының мүшесі студиядан шығуға рұқсат сұрап, жарнамадан соң осы тақырыпты ары қарай қозғамауын өтінген.
Ал ерекше бала тәрбиелеп отырған әнші Жасұлан Базарбаевтың «арманын орындаймыз» деп эфирде тосынсый жасаған тележобаны әлеуметтік желі қолданушылары сынға алып, түрлі пікір жазуда.
А.Орынғали
ФОТО: Ашық дереккөз




