Басты жаңалықтарҚоғам

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент бұл күн халқымыздың рухани өмірінде ерекше орын алатынын және бүкіл ислам әлемі мейрамды зор ықыласпен күтетіндігін атап өтті. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айттың берекелі күндері бір-бірімізге қолдау көрсетіп, үлкенді құрметтеп және ел игілігі үшін ортақ жауапкершілікті сезінудің маңыздылығын еске салды.

— Исламның және басқа да дәстүрлі діндердің озық құндылықтары халқымыздың рухани дамуының, ұрпақтар сабақтастығының, қоғамымыздағы бірлік пен келісімнің берік іргетасы болып табылады. Күрделі жаһандық сын-қатерлер жағдайында бұл Отанымыздың одан әрі өркендеуінің негізі, Әділетті, Озық Қазақстанды құрудың басты шарты болып табылады. Бірлік пен жасампаз патриотизмде біздің басты күшіміз бар екеніне сенімдімін. Барша отандастарыма зор денсаулық, бақыт және береке тілеймін!,- деді Мемлекет басшысы.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

 

Басқа материалдар

Back to top button