Басты жаңалықтарҚоғам

Әйелінің гештальтін жаппақ болған депутат тағы сынға қалды

Парламент гештальт жабатын орынға айналған ба? Әйелін Мәжілістің ресми папкасымен құттықтаған депутат Дәулет Мұқаевтың басы дауға қалды. Ардақ Назаровтың ізімен жүріп, елде жоқ дүниені жасаған халық қалаулысы мұнысы үшін қымсынып та тұрған жоқ. Жалпы отырысқа видеокамерасы бар көзілдірік тағып, тағы сынға ұшырады. Бұл туралы «Еуразия» арнасы көрсетті.

Дәулет Мұқаевтің әрекетін әріптестері де сынады. Ринат Зайытов әлеуметтік желіге салғаны қате десе, Асхат аймағамбетов әркім өз ісіне өзі жауап беретінін айтты.

Елдің сынына ұшыраған депутат бүгінгі Мәжіліс отырысына  камерасы бар көзілдірік тағып, тағы сынға ұшырады.

Ал заңгерлер Ардақ Назаровтың ізімен жүрген Дәулет Мұқаевтың әрекеті қалай қарасаң да, депутаттық этикаға сай келмейді дейді.

СНХ: МАРҒҰЛАН ЕРМАҒАНБЕТҰЛЫ, ЗАҢГЕР
— Әрине, ол үйінде құттықтай берсін, ол да азамат қой. Бірақ дәл парламенттің элементтері бар нәрселермен менің ойымша араластырмау керек деп ойлаймын.  Гештальт деген  түйткілді мәселелерді көтерумен жабылса, тиісті заңнамалық актілерге өзгерістер енгізумен жабылса, менің ойымша сол дұрыс болатын шығар деп ойлаймын, — дейді заңгер Марғұлан Ермағамбетұлы.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button