Басты жаңалықтарДенсаулықҚоғам

Гүлбану Әниятқызы: ДЦП бала 18 жастан кейін сауығып кете ме?

Белгілі журналист, Qazaqstan ұлттық арнасының креативті продюсері Гүлбану Әниятқызы ерекше баласы бар отбасына мемлекеттен үлкен қолдау қажеттігін мәлімдеді. Медиа жобалардың біріне қатысқан тележурналист II топтағы ауыратын бала мен оның күтушісіне берілетін 150 мың теңгенің ештеңеге жетпейтінін айтты. Ақылы сабақтарының өзіне айына 300-400 мың теңге кетеді екен. Одан бөлек, ерекше бала тәрбиелеп  отырған Гүлбану ханым жұмысқа кеткенде қызын қарауға, сабақтарына апару үшін жалдайтын адамға ай сайын қалтасынан 300 мың теңге жалақы төлейді екен.

-Еңбек министрлігімен кездескенде де айттым. Ерекше баланың ата-анасына, ең болмаса анасына жұмыс уақытын қысқартатын мүмкіндіктер қарастыру керек. Себебі, анасы таңнан кешке дейін жұмыста жүреді. Қаншама ата-ана үйінде отыр баласына өмірін арнап.  Ал 18 жастан кейін ерекше баланы бағып отырған ата-анаға жәрдемақы тоқтатылады. 18 жастан кейін де күтім керек. 18-ге толғанда ол ғажайып бір күйге еніп, өзгеріп кетпейді ғой. 18 жасқа дейін ДЦП болған бала одан кейін де сол дертпен ауырады,- деді Гүлбану Әниятқызы.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button