Басты жаңалықтарБілім

 Назарбаев зияткерлік мектебіне түскің келсе МС Сайлаубектің өмірбаянын оқы

Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады. Осы аптада әлеуметтік желіде аталған білім ордасына  түсу үшін тапсырылатын қазақ тілінен тест кітапшасын көзіміз шалды. Ішінде Сайлаубек туралы сұрақ бар. Рэперді мектеп қабырғасында оқытатындай елге қандай еңбегі сіңді деген сұрақ туады. Іргелі оқу орны бұндай қадамға баруы мүмкін бе?

Өз басым МС Сайлаубектің не жазғанын білмеймін!Алайда, кітап авторларының ол туралы не жазғандарын оқып бере аламын! Мағынасы мынадай!

«МС Сайлаубек «Азат елдің» ұлдары бейнеклипімен танымал!Ресейдің «Пусть говорят», өзіміздің «Айтуға оңай» бағдарламалары арқылы танымал. Ютуб желісі арқылы танымал! Енді, сұрақ! МС Сайлаубек қалай танымал болды?»

  Сынақ кітапшасындағы тест сауалдары әсіресе әлеуметтік желіде үлкен дүрбелең туғызды. Алайда, «Назарбаев зияткерлік мектебінің» өкілдері  бұл ақпаратты жоққа шығарды.Олардың айтуларынша мына сұрақтарға зияткерлік мектептің еш қатысы жоқ.

 АЙДАНА ШІЛІБЕКОВА, «НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДББҰ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Аталған тест кітапшаларының Назарбаев зияткерлік мектебіне еш қатысы жоқ! Оларды жеке тұлғалар шығарға».

  Қысқасы бұл сұрақтардың тест кітапшалырына енуі бірақ адамның көңілінен шыққан тәрізді! Ол МС Сайлаубек! Өзінің есімін анау – мынау емес, елдегі белді орта білім мекемелерінің сынақ кітапшаларының бірінен  көрген ол өте қуанышты екендігін жеткізді.

Басқа материалдар

Back to top button