2017 жылы билікке кімдер келді, кімдер кетті? (видео)

2017 жыл  ат үстінде жүрген ақ жағалылар үшін несімен есте қалды? Билікке кімдер келді, кімдер кетті? Әсіресе жыл соңында біраз ауыз-түйіс болды.  Кооперативтер құрып, ауыл шаруашылығының тамырына қан жүгіртемін деген  министр Асқар Мырзахметов үн-түнсіз қызметінен кетті. Ал елдің атын әлемге танытқан халықаралық көрме Экспоны басқарған Ахметжан Есімовтің әзірге асығы алшысынан түсіп тұр. Сонымен, биліктегі биылғы кадрлық өзгерістер жайлы Артур Мағзомовтың материалы. Бұл туралы «Еуразия» телеарнасы хабарлады.

 

Шыныменде, Сергей Кулагин биліктегі көненің көзі еді.  Тәуелсіздік алған күннен бері Елбасымен үзеңгілес жүрген кадрдың бірі. Бірақ  шаршады ма, наурыз айында зейнетке шығып, біржола мемлекеттік қызметтен кетті. Дегенмен орнын жоқтатпай, Ақмола облысының әкімі болып Мәлік Мырзалин тағайындалды.

Жалпы, биыл Үкімет қайта жасақталмаса да, жыл басында көптеген ауыс-түйіс болды. Көрінбей жүрген біраз мемлекеттік қызметкер әкім болып шыға келді. Президент әкімшілігінде жүрген Құмар Ақсақалов Солтүстік Қазақстанға басшы болса, Үкімет кеңсесін ұршықтай иіріп отырған Ерлан Қошанов Қарағанды облысының тізгінін ұстады.

Премьер-министрдің орынбасарлары да өзгерді.  Иманғали Тасмағамбетов Ресейге елші болып кетті. Есесіне, біреуі кеткенмен, орнына екі вице-премьер тағайындалды. Бұл қызметке Ерболат Досаев пен Асқар Жұмағалиев келді. Осылайша, Бақытжан Сағынтаевқа Асқар Мамин, Асқар Мырзахметов, Асқар Жұмағалиев деген үш Асқар  орынбасар болған. Жуырда оның біреуі аяқ асты қызметінен кетті.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ: «Министр боп тағайындалған соң сенің ұсынған идеяң болатын. Егер кооперативтерді жұмыс істеткізсек 30 пайызға істеп отырған зауыттар толық қамтамасыз етіледі. Қолдадық, жасадық, не боп жатыр?»

Ия, кооперативтер құрып, ауыл шаруашылығын дамытамын деп дамыл таппай жүрген Асқар Мырзахметовтың кейбір бастамаларын сенаторлар да сынап тастаған еді. Бірақ оған келіспей, қарсы пікір білдіріп, ақталды.

АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ – БҰРЫНҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ: «Это не пиар, мы же говорим о конкретных результатах. Поэтому, откровенно говоря, я здесь не согласен с теми замечаниями, в которых говорится, что пока что идет только пиар новой программы».

Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында болған сол жағалаудағы ауыс-түйіс кезінде Асқар Мырзахметовке ешқандай мансап бұйырмады. Әзірге үн-түнсіз, бірақ депутаттар оны жерде қалмайды деп зор үміт күтіп отыр.

ДАРХАН ҚАЛЕТАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Тәжірибелі азамат.  Ондай мамандар далада қалмайды. Менің ойымша алдағы келе жатқан жылда Асқар Мырзахметовты жауапты қызметтен көреміз деген сенімдемін».

Үкімет басшысының орынбасары, әрі ауыл шаруашылығы министрі қызметін қатар алып жүрген Мырзахметовтың креслосы иесіз қалмады. Үндемесе де, Үкіметтің жиналысынан қалмайтын Өмірзақ Шөкеев «Самұрық-Қазынадағы» жылы орнын суытып, аграрлық саланы қолына алды.

Ат үстінде жүрген ақ жағалылардың арасында айы оңынан туып, асығы алшысынан түсіп жүрген азаматтың бірі Ахметжан мырза. Экспоға жауапты болған Есімовтің еселі еңбегі еленіп, Елбасының қолынан «Еңбек ері» деген атақ алды.  Бұл марапаттан соң мансабы тағы өсіп, «Самұрық –Қазына» деген майлы жіліктің басын ұстады.

АХМЕТЖАН ЕСІМОВ , ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

« Әлі қазір ерте . Мен жұмысымды бастайын. Мен кіріскен жоқпын әлі.

Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаевпен бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтан өзге биыл көп шенеунік ұсталып, істі болған жоқ».

АРТУР МАҒЗОМОВ – ТІЛШІ: «Атынан ат үркетін сот, прокуратура, жемқорлықпен күрес жүйесіндегі басшыларда бірінің орнына бірі барды. Сыбайластықпен күресетін ұлттық бюроның басшысы Қайрат Қожамжаров Прокуратураға келсе, бас прокурор Жақып Асанов жоғарғы сотқа барды. Ал сот төрағасы Қайрат Мами Конституциялық кеңеске жетекшілік етеді».

 

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*