АЙМАҚБөрлі ауданыӨҢІРЛЕР

Бұл бәйге бұрынғыдан өзгерек

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында ұлттық спорт түрлерінен чемпионат өтті. Бұл шара Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып отыр.

Бұл туралы zhaikpress.kz хабарлады.

Чемпионатта тай жарысына 8, құнан жарысына 7, топ бәйгеге он үш шабандоз қатысып, бақ сынады. Аламанға Сырым, Шыңғырлау, Қаратөбе аудандарының да атбегілері сәйгүліктерін қосты.

Ат жарыстан кейін жаяу жарыс ұйымдастырылды. Чемпионаттың соңы балуандардың белдесуі мен аударыспақ секілді ұлттық ойындармен жалғасты. Әсіресе, жамбы атуға ниет білдірген қатысушылар саны көп болды.

Суреттер осы сайттан алынды

Басқа материалдар

Back to top button