Басты жаңалықтарҚоғам

Ашынған аналар бас көтерді

Талдықорғанда «алтын алқалы» аналар тағы да бас көтерді. Бұл жолы пәтер даулаған оларды қала басшысының өзі шақырған екен. Әрқайсысының мәселесін жеке қарауды ұйғарған әкім арнайы комиссия құрыпты. Алайда, жиын — мәселені талқылау емес, комиссия мүшелерінің көпбалалы аналардың жеке өміріне араласумен ерекшеленді. Арты дауға ұласқан отырыс қалай аяқталды, жанайқайын жеткізген аналардың проблемасы шешілді ме? Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады.

 

12 баланың анасы Мадина Тәуірбаева 5 жылдан бері 29 шаршы метр жерде тұрып жатыр. Қысылып-қымтырылып күн кешіп жатқан оларға Жоғарғы соттың шешімі бойынша лайықты баспана берілуі тиіс болған.

МАДИНА ТӘУІРБЕКОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: «Соттың шешімі бойынша не менее 150 квадратных метров. Ол заңды мен шығарып жатқан жоқпын, Сіз шығарып жатқан жоқсыз. Сот солай шешсе Сіздерге соттың шешімі сонда ешқандай роль ойнамай ма? Мен Сізге балаларымның бәрін ертіп жіберейін, өзіңіз барыңыз да тұрыңыз сол үйде. Мен тұрмаймын ол үйде, бармаймын! Бір күн көріңізші, менің көріп жатқан бір күнімді көріңіз. Басыңыздан өтсе сол кезде ғана түсінесіз».

Алайда, әкім бөгденің баспанасына барып тұрғысы келмейтінін жеткізді. Әрі пәтер даулаған көпбалалы аналарға ешқандай да тегін баспана берілмейді деп ашығын айтты. Себебі:

ДАСТАН ШАЛТАБАЕВ, ҚАЛА ӘКІМІ: «Менің қазір Сізге бере салатын 150 шаршы метрлік үйім жоқ, ашығын айтайын. 3-класс комфортность деген бар. Ол 90 квадраттан аспайды. Ең жоғарғы біздің үйіміздің көлемі 90 квадраттан аспайды. Біз бар үйімізді айтып отырмыз, Сізге».

Алтын құрсақты аналардың мәселесін арнайы комиссия құрып, «майшаммен» қарағысы келген қала басшысы, бұл жолы тағы да ұятқа қалғандай болды. Жанайқайын жеткізген аналарды «басу» айту үшін шақырғанымен, олардың жеке өмірін қозғап, істі одан сайын ушықтырып алды.

«Мынау не, міне, мен де сіз сияқты анамын, мен де алтын алқалымын. Міне, өздері жасап отыр, мына Қыстаубаевтің өздері жасап отыр. Біз осы үшін келдік, міне. Неге өмірімізге араласасыздар, айтыңыздаршы не үшін? Мен де ажырасып кеткем, не үшін деп сұраңыздаршы ал? Мына былық үшін, апай. Кім біздің сөзімізді сөйлейді? Мына ішіміз итак та күйіп барады, білесіз бе!?».

Алақандай бөлмеде алтын құрсақты аналар 12 баламен күнелтіп жатқанда пәтерге мұқтаж емес 17 адам ебін тауып кезексіз, мемлекет есебінен баспана алыпты. Олардың қатарында әкімдік қызметкерлерінен бөлек, жиынға қатысқан шаһар басшысының орынбасары да бар екен.

«Кольбаев Марлен Капашевич, его отец на состав семьии один человек получил двухкомнатную квартиру в 7-микрорайоне дом 21, квартира 90. Почему к одним у нас отнашения такове, извините, «напливательское»? Это не просто люди, это люди у которых много детей, многодетные матери. Они не от хорошей жизни пришли к вам просить эти квартиры».

Алайда, әкімнің орынбасары бұл мәселеге қатысты жақ ашқан жоқ. Ал қала әкімі болса бұған әркімнің өзі жауап беруі тиіс деген сыңай танытты. Ал, баспаналы болып қаламыз ба деген зор үмітпен келген көпбалалы аналар бұл жолы да жиыннан таулары шағылып, құр алақан қайтты.

Басқа материалдар

Back to top button