Басты жаңалықтарВидеоМәдениет
Роза Рымбаева келіні туралы бар шындықты айтты (видео)

Халық әртісі Роза Рымбаева Timur Balymbetov-ке берген сұхбатында ұлы Әлидің келіншегі туралы айтты. Әншінің сөзінше, оған «ылғи ұлдарыңды айтып, келініңізді неге айтпайсыз деп» тиісетіндер бар екен.
«Менің түсінімде отбасының тіршілігін, ары қарай жалғасуын, менің орнымды басатын Ақерке. Қазір мен Отана болып отырмын. Менің орнымды менен кейін Ақерке басады. Менің көзқарасым сондай Ақеркеге. Осы отбасының саясатын, дәстүрін, қонақжайлығын, туған-туысқа деген көзқарасты ары қарай жалғастыратын ол — Ақерке» деді әнші.
Роза Рымбаеваның биыл сахнада жүргеніне 50 жыл. Осыған орай халық әртісі үлкен концерт берді. Енді Қазақстанның өзге өңірлерін аралап, концерттен түскен қаржыны қайырымдылыққа аудармақ.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз



