Серік Сапиев орынбасарымен бірге жұмыстан кетті

Кабинетте төбелескен Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметтерінен кетті. Қарағанды облысы әкімдігінің хабарлауынша, екі шенеунік те жұмысынан өз еркімен шыққан. Алайда көп кешікпей Сәпиев басқа жұмысқа ауысып үлгерген екен. Ол Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалыпты. Естеріңізде болса, жақында аталған азаматтар арасында жанжал туындап, оның видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен еді. Осы оқиғадан соң, лауазымды тұлғалар ресми мәлімдеме жасап, мәселені өзара шешкендерін айтты. Серік Сәпиев — бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы. Осыған дейін, аталған өңірде дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарды. Ал Дәурен Есімханов болса, самбо және жауынгерлік самбо мен джи-джитсу бойынша әлем чемпионаттарының жүлдегері.
А.Орынғалиұлы
ФОТО: Ашық дереккөз



