Apple 43 миллиард доллар шығынға ұшырады
Бұл туралы Atameken Business Channel хабарлады.
(видео) http://www.abctv.kz/kz/last/apple-43-milliard-dollar-shygynga-ushyrady
Жуырда сатылымға қойылған «Apple» сағаттарының желіге қосылу функциясынан ақау шықты. Осы ақпараттың тарап кетуіне байланысты компания бір аптада 43 млрд доллар шығынға ұшыраған. Осылайша жуырда жарық көрген жаңа Iphone 8 бен Iphone Х смартфонынының сатылымы жоба авторларының үмітін ақтамай отыр. Оған басты себеп смартфонның жаңа нұсқасының «Iphone 7-ден» көп айырмашылығының болмауы. Адамдар аз ғана айырмашылығы бар нұсқа үшін қыруар ақша шығындағысы келмеген көрінеді дейді мамандар.. Осы факторлардың әсерінен Apple нарығы 1.6%-ға құлдырады. Естеріңізге сала кетейік, Apple компаниясы қыркүйектің басында жаңа Iphone смартфондарын таныстырған болатын.