АймақБасты жаңалықтарҚоғам

Шахаров «Ort tehnika-Qazaqstan» зауытының өндірісімен танысты

Ақтөбе облысының әкімі  Асхат Шахаров Ақтөбедегі өрт сөндіргіштер мен өртке қарсы жеңдер шығаратын «Ort tehnika-Qazaqstan» ЖШС кәсіпорнының жұмысымен танысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кәсіпорын Қытайдың «Шаньдун Лунчэн өртке қарсы технологиялар компаниясы» ЖШС-мен (51%) және қазақстандық құрылтайшы Әскер Әбдірахмановпен (49%) бірлесе құрылған.
«O’rt tehnika-Qazaqstan» ЖШС жүзеге асырған жоба — өрт қауіпсіздігі және импортты алмастыру саласындағы отандық өндірісті дамытуда маңызды қадам. Кәсіпорынның негізгі бағыты – әлеуметтік, әскери және коммерциялық нысандарда, сондай-ақ ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінде кеңінен қолданылатын жоғары технологиялы ұнтақты өрт сөндіргіштер мен қысымға төзімді өртке қарсы жеңдер шығару. Өртке қарсы жеңдер су өткізбейтіндігімен, жоғары температура мен қысымға төзімділігімен ерекшеленеді.
Өндірістік цех ауысымына 1 000 өрт сөндіргіш және 1 000 метр өртке қарсы жең шығаруға қауқарды. Кәсіпорында 25 жұмыс орны құрылған. Өнімнің негізгі нарығы – Қазақстан.
Облыс әкімі өртке қарсы жабдықтар өндірісін дамытудың маңыздылығына тоқталып, мұндай кәсіпорындардың іске қосылуы нарықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын құруға және импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік беретінін жеткізді.
А.Орынғали

Басқа материалдар

Back to top button