АЙМАҚБасты жаңалықтарҚоғамОралӨҢІРЛЕР
Орал көк түтіннің ортасында қалды
Орал қаласындағы бірнеше шағын аудан 3 күннен бері көк түтіннің ортасында қалды. Тұрғындар сыртқа шығудан қалған. Өйткені, шаһардың іргесіндегі күл-қоқыс өртеніп жатыр.
Оралдықтардың айтуынша, күл-қоқыстың басында бір ғана өрт сөндіргіш көлігі тұр. Оған қаладағы коммуналдық мекеменің бір машинасымен күніне 4 рет су тасылады екен.
Бір қызығы, коммуналдық мекеме өкілдері түтінді өшірудің орнына, мән-жайды білуге келген тұрғындарды «частная территория» деп бықсыған қоқыстың маңында жолатпай әлек болып жүр.
https://www.facebook.com/NurlybekRakhmanov/videos/1717448771637810/?t=134