Басты жаңалықтарТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Түркістанда қошқарлар көрмесі өтіп жатыр

Бұрындары “Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір”, деуші едік. Қазір қошқар өсіру хоббиге айналды. Етін былай қойып, экстерьеріне ерекше мән беретін болған.  Түркістанда қошқарлардың көрмесі өтті. Сегіз елден әкелген ұсақ малдың ішінде отандық «Байсары» тұқымы да бар. Олар еттілігімен ерекшеленеді. Ең үлкен қошқарының салмағы – 231 келі. Етті әрі құйрықты келетін тұқымды өсірушілер салмағын одан әрі арттыра түсуді көздеп отыр.

«Біз бастаған кезде 1 жасар қошқарларымыз 70-80 келі болған. Қазіргі таңда 170 келі, ең үлкен салмақ соған шықты. Средний 130-140 сол болып жатыр. Ақшаға шаққан кезде ет бағасын алатын болсақ, 200-270 мың теңге болып жатыр», дейді «Байсары» қой тұқымы авторларының бірі Қуаныш Мықтыбаев.

 

А.Нәби

 

Басқа материалдар

Back to top button