Әскерге күзгі шақырылымға дайындық басталды
Түркістан облысында күзгі мерзімді әскери қызметке шақыруға дайындық басталды. Арнайы өткен жиында аймақтың қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев көктемгі науқанды қорытындылап, алдағы жоспарын, міндеттерді мәлімдеді.
Өткен көктемде Отан қорғауға облыстан екі жарым мыңнан астам адам шақырылған. Олардың мыңға жуығы еліміздегі әр түрлі құрылымда әскери борышын өтеп жатыр.
Кеңес барысында облыстық қорғаныс істері департаментінің басшысы көктемгі әскерге шақыруды сәтті аяқталғанына назар аударып, ол жоспардың 104%-ға артығымен орындағынын атап өтті. Полковник Дүйсебаевтың айтуынша, бұл көрсеткіш, қойылған міндеттерді орындау бойынша елімізде көшбасшы орынға ие болған Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдарының үйлесімді жұмысын айғақтайды.
— Біз жоспарды орындап қана қоймай, жастарды Қарулы күштер, басқа әскерлері мен әскери құралымдар қатарында қызмет етуге сапалы іріктеу мен дайындауды қамтамасыз ете отырып, одан асып түсе алдық, — деп атап өтті департамент басшысы.
Көктемгі әскерге шақырудың абыроймен жүзеге асырылуы көптеген факторларға байланысты. Оның ішінде әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған жастар арасында кең ауқымды ақпараттық жұмыс болды. Ардагерлермен кездесулер, көрме іс-шаралары ұйымдастырылды, Бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланып, осындай ақпараттық қолдаулар армиядағы қызмет туралы стереотиптерді жойып, жастардың үрейін жеңуге мүмкіндік берді.
Облыстың жергілікті әскери басқару органдары, білім беру мекемелері мен жергілікті билік органдары арасында тығыз өзара іс-қимыл жақсы жолға қойылған. Бұл әскерге шақыруға байланысты мәселелерді жедел және сапалы шешуге мүмкіндік береді.
Күзгі әскерге шақыруға дайындық шеңберінде әскерге шақырылушылардың құқықтары мен міндеттері туралы уәждеме мен хабардарлықты арттыру мақсатында жастарды әскери қызметтің артықшылықтары туралы белсенді хабардар ету жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, өткізілген кеңес аясында көктемгі науқан кезінде көзге түскен әскери қызметшілер Департамент бастығының қолынан грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Жалпы, Түркістан облысы жергілікті әскери басқару және билік органдарының, қоғамдық ұйымдар мен ардагерлердің үйлесімді жұмысының арқасында әскерге шақыру науқандарын сәтті өткізудің үлгісін көрсетуде.
А.Орынғали
ФОТО: Ашық дереккөз
ВЕДЕО: ddo_turkestan_oblysy парақшасынан алынды