ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

ШЕКАРА ШЕБІ: ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

Сарыағаш шекара жасағы — еліміз  тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш ашылған шекара жасақтарының бірі болып табылады. Облыс республикамыздың оңтүстік шекарасын қорғауда маңызды рөл атқарады. Биыл шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті — Тәуелсіз Қазақстанның оңтүстік шебінің күзетінде болғанына 25 жыл. Бұл туралы aigak.kz порталы хабарлады.

Еліміздің Мемлекеттік шекарасы оның ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі негізгі элементі болып саналады. Тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекет шекараны халықаралық құқықтық ресімдеу, көрші елдермен достық пен тату көршілік атмосферасын құру жөніндегі іс-шараларды іске асырды. Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі шекара шебін шегендеу мақсатында 1999 жылы Сарыағаш шекара жасағы құрылған еді. Биыл тәуелсіз еліміздің оңтүстік шебінің күзетінде Түркістан облысы бойынша шекара қызметінің департаментіне 25 жыл. Мерейтой аясында департамент М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде арнайы ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Негізгі мақсат жастарды отансүйгіштік пен патриоттыққа тәрбиелеу.
Бүгінгі таңда Шекара қызметін дамытудың негізгі бағыты техникалық бақылаудың зияткерлік жүйелерін қолдана отырып шекаралық инфрақұрылымды одан әрі жетілдіру болып табылады. Шекара маңындағы жастарға патриоттық тәрбие беру, ұлттық рухты қалыптастыру және елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шекарашылардың маңызды ролін түсіндіру мақсатында, шекара маңындағы мектептерде әскери-патриоттық «Жас шекарашы» үйірмелері құрылған. Осы ұйымдардың жұмыс нәтижесінде осы жылы 83 жасөспірім жоғары әскери оқу орындарына түскен.


25 жыл ішінде Түркістан облысы бойынша департаменті өз қызметінің мәртебесін биікке көтерді, олардың жасаған ерліктері, қажырлы еңбегі бұл Қазақстанның шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам. Шекарашылар өздерінің адал қызметі арқылы, елдің болашағына, еліміздің тыныштығына үлкен үлес қосып келеді.

Басқа материалдар

Back to top button