Ұландықтар жоғалған екі телефонды тұрғындарға қайтарып берді
4 қазанда Шымкент жедел бригадасыныңұландықтары қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет барысында екі азаматқа көшедетабылған ұялы телефондарды қайтарып берді. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлікқолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.
Бірінші жағдай Туран ауданында болды.Сағат 18.20 шамасында әскери жасаққаазаматша өзінің жоғалған «Iphone 14» маркалытелефонын табуға көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінді. Әскери жасақ бастығықатардағы жауынгер Нұркен Тұрсынбай менпатрульшілер Андрей Фризен мен СағатбекНұрбердиев жағдай туралы әскери жасақбойынша кезекшіге баяндап, смартфон іздеугекірісті. 20 минуттық іздеуден кейін әскериқызметшілер жоғалған телефонды тауып, иесінеқайтарды.
Жарты сағаттан кейін Абай ауданында Ұлттықұланның әскери жасағына осындай жағдайға тап болған тағы бір қыз өтініш білдірді. Іздеу іс-шараларының қорытындысы бойынша оған да жоғалған мүлкі қайтарылды.
Екі жағдайда да қыздар Ұлттық ұлан әскериқызметшілеріне қырағы және адал қызметатқарғаны үшін үлкен алғыстарын білдірді.
А.Орынғали