Басты жаңалықтарҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Ер баланы әскерге баруға қанша жастан бастап дайындау керек?

Дәл осы сұрақ қазір көптеген ата-ананы, ел тұрғындарын ойландырады. Туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Соңғы кездері жыл сайын 50-60 мыңға тарта сәби өмірге келеді. Табиғи өсімі жақсы өңірде тиісінше жастар да көп. Оның ішінде әскерге баратын кезеңдегі жігіттер де көп.  Осы сұрақ бойынша Түркістан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Жандос Күлдербаевпен сұхбаттастық.

Жандос Тынымбекұлы,  Түркістан облысында биылғы әскерге шакыру науқаны қалай жүзеге асырылып жатыр?

-Қазіргі танда жастарды әскерге баруына қатысты көзқарас әр түрлі. Оған түрлі факторлар әсер етенісі сөзсіз. Дегенмен, елімізді, жерімізді, шекарамызды кім қорғайды? Сондықтан барынша жас жігіттерге, ата-аналарға осыны түсіндіріп, жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірігіп, жан-жақты жұмыстардың нәтижесінде жыл сайын әскерге жігіттергі жіберіп жатырмыз.

Жалпы облыс бойынша қанша азамат Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады? Түркістан облысы бойынша 2024 жылы есеппен 5 мыңға жуық бала әскерге шақырылады. Әскерге шақырылган азаматтар қандай құрылымдарда, яғни қай салада азаматтық борышын өтеп жатыр?

— Әскерге шақырылушылар өз борыштарын өтеуге әскери қызметке Қорғаныс министрлігінің Қарулы Kүштері, Қазақстан Республикасының Ұлттык Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметіне, ҚР Ұлтык Ұланына, ҚР Мемлекеттік Күзет қызметіне және ҚР Төтенше жадғайлары министрлігіне жөнелтіледі. Қарулы куштердің түрі — мемлекеттің қарулы күшінің белгілі бір салада (құрлыкта, теңізде, әуе кеңістігінде) әскери қимылдар жүргізуге арналған бөлігі. Қарулы Күштердің әрбір түрінде әскерлер, арнайы әскерлер және тыл әскерлері болады. Қарулы Күштері құрлыктаты әскери куштер (армия), әскери-әуе куштері, әскери-теңіз флоты тәрізді үш түрден құрылады

-Жандос мырза, әскерге баруға жас жігіттердің ынтасын оятып, қызығушылығын арттыру мақсатында оңірде қандай түсіндірме жұмыстары жүргізіледі?

 -Бұл бағытта атқарылып жатқан, қолға алынған шаралар көп. Біріншіден Түркістан облысы бойынша мектептерде, университет және колледждерде әскери қызметтің беделін арттыру және ақпараттық-үгіт жұмыстарын сапалы жүргізу мақсатында «Жастарды әскери қызметке тарту бойынша» арнайы жоба асында  үгіт — насихат жұмыстар жүргізіледі. Екіншіден, Қазақстан Республикасының тиісті органдары бекіткен оқу бағдарламасына сәйкес Түркістан облысында «Алғашқы әскери дайындық» пәнін оқытып,  10-сынып оқушылармен 5 күндік (30 сағаттық) әскери оқу-далалық жиындары өткізіледі.  Үшіншіден, «Айбын-2024» облыстық әскери-патриоттық іріктеу сайыстары өткізіледі. Төртіншіден, жастардың патриоттық тәрбиесін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі №347 бұйрығына сәйкес, Түркістан облысының орта арнаулы және жалпы оқу орындарында «Ерлік сабақтары» өткізіледі.

-Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әскерге барып келген жастардың білім грантына түсінуе жеңілдіктер қарастырылған. Осы бағытта Түркістан облысы бойынша қанша жігіт әскерден келген соң жоғарғы оқу орындарында білім алып жатыр?

 -Биылғы жылы 27 әскерге шақырылушы мемлекеттік грантка жолдама алды. Демек, 27 кадр дайындалып жатыр. Олар түрлі мамандық бойынша білім алады. Оқуға түсуге мүмкіндік берілетінін көрген соң, жастадың да әскерге баруға деген көзқарасы өзгереді. Президенттің осы тапсырмасымен біз бірнеше мәселені шеше аламыз. Әскерге баруға ынталы жігіт көбейеді, әрі өмір көрген, әскер көрген жігіттер оқу орындарында студент болады, мемлекетке де сапалы кадр дайындаймыз.

-Әскерге барам деген жігітке қойылатын ең басты талаптар қандай?-Дені сау болуы, Отанға адал қызмет етемін деген шынайы кұлшынысы болуы керек.

-Отан алдындағы азаматық борышын өтеймін деген жігіттің бойында қандай қасиеттер болуы керек?  -Төзімді, салмақты, батыл, ержүрек болуы және патриот болғаны абзал.

-Жандос Тынымбекұлы, ер балалар қанша жастан бастап әскерге баруға дайындалуы тиіс? -15-16 жасынан бастап дайындалса, 18 жасында әскер катарында кызмет етуге дайын болады.

Қарбалас жұмысқа қарамастан, бізге сұхбат беріп, сұрақтарымызға жауап бердіңіз. Өңірдегі әскери сала бойынша атқарылып жатқан жқмыстар туралы мол мағлұмат алдық. Еліміз тыныш, әскеріміз айбынды босын!

 

Сұхбаттасқан Артур Орынғалиұлы

Басқа материалдар

Back to top button