Қостанайдағы тылсым құбылыс жұртты шошытты (видео)
Қостанай өңіріндегі тылсым құбылыс шаруаларды шошытты. Қарасу ауданындағы егіс алқабында үлкен шұңқыр пайда болған. Түбі көрінбейтін апанның неден және қашан пайда болғанын ешкім аңғармаған. Тереңдігі шамамен 10 метр, ал ені 4 метрді құрайды. Дала жұмыстарын бастаған диқандар терең шұңқырға ойда-жоқта техникалар түсіп кете ме деп алаңдап отыр. Қазір аймақта жер жырту, тұқым себу науқаны қызып жатыр. Тылсым құбылысқа қатысты аудан әкімінің орынбасары былай деп түсініктеме берді.
«Судың көп болуынан 2023-ші жылдың күзінен бастап жауған жауын-шашынның, сондай-ақ ағымдағы жылғы су тасқынының салдарынан ауыл шаруашылығы алқаптарында көлемі 3х4 метр, тереңдігі 10 метр шұңқыр пайда болды. Жер толығымен қаныққан. Ал жер асты суларының деңгейі көтерілген. Соның салдарынан жер шығып қалды»,-деді Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Сағит Нүгірбеков.
А.Орынғали
ФОТО: Ашық дереккөз