Ұландықтар Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай марапатталды

Екі атаулы мереке — Отан қорғаушылар күніжәне Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ҚРІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөліміндесалтанатты іс—шара өтті. Оған бригадабасшылығы, офицерлер, келісімшарт бойыншаәскери қызметшілер, сарбаздар, сондай-ақәскер ардагерлері қатысты.
Іс—шара ҰОС батырларының ескерткішінегүлдер мен гүл шоқтарын қоюдан басталды.Осыдан кейін бригада командирі полковникМарат Рахманов жеке құрамға құттықтау сөзсөйледі.
— «Осы айтулы күні өзін әскери қызметкеарнаған және ант бергендердіқұттықтаймын. Отан қорғаушылар күні менЖеңіс күніне орай шын жүректенқұттықтауымды қабыл алыңыздар!
Отансүйгіштіктің, ар-намыстың, парызбен батылдықтың, үлгілері ретінде қызметететін Ұлы Отан соғысының ардагерлері ментыл еңбеккерлеріне ерекше алғыс білдіргім келеді!»,- деді Марат Оралұлы.
Іс—шара барысында қызметтік міндеттерінадал атқарғаны үшін және Отан қорғаушыларкүні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуқұрметіне қызметте ерекше көзге түскен әскериқызметшілер Ішкі істер министрінің, Ұлттықұланның Бас қолбасшысының, «Оңтүстік»өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының және6506 әскери бөлімі командирініңбұйрықтарымен марапатталды. Сондай-ақ, наградалар әскери бөлімнің қоғамдық өмірінебелсенді қатысқан әскер ардагерлерінетабысталды.
Іс-шара жеке құрамның салтанаттышерумен өтуімен аяқталды.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» ӨңҚ баспасөз қызметі