Мемлекеттік тіл туралы заңды ашық түрде қолдамаған депутаттар бар — Қазыбек Иса
Өткен аптада Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса қазақ тілінің статусын анықтап еліміздегі мемлекеттік тіл — қазақ тілінің жағдайы бойынша Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа сауал жолдаған болатын.
Қазыбек Исаның бұл бастамасын Мәжілістегі 108 депутаттың тек 38-і ғана қолдаған, деп хабарлайды Экспресс К.
Мен «осы қолдайды-ау» деген депутаттардың барлығына, яғни депутаттардың басым бөлігіне WhatsApp арқылы: «депутаттық сауалға қосыласыздар ма?»-деп жазып жібердім. Оның ішіне бір бөлігі қолдады, біразы бас тартты, кейбірі жауап бермеді,— дейді Қазыбек Иса.
Ол кейбір қазақ депутаттар қазақ тілі туралы депутаттық сауалды қолдаудан ашық түрде бас тартты деп отыр.
Өзге ұлт өкілдері Шиповских, Платонов, Смышляева, Ильяс Буларов, Абилфас Хамедов, Қаратаевтардан бастап мемлекеттік тілді қолдап, отаншылдық рухын көрсетіп жатқанда қазақ депутаттардың бұғып қалғаны әрине, өте өкінішті,— дейді депутат
Оның айтуынша, әріптестері арасында қолдаған депутаттар мыналар:
«Ақ жол» фракциясының мүшелері:
- Қазыбек Иса,
- Азат Перуашев,
- Дания Еспаева,
- Азамат Әбілдаев,
- Ерлан Барлыбаев,
- Берік Дүйсембинов,
- Серік Ерубаев,
- Айгүл Жұмабаева,
- Андрей Линник,
- Ерлік Өмірғали,
- Мақсат Раманқұлов,
- Ғани Хамзин.
Amanat фракциясының мүшелері:
- Геннадий Шиповских
- Артур Платонов
- Фахриддин Қаратаев
- Мақпал Тәжмағамбетова
- Әлия Әбсеметова
- Ләззат Рамазанова
- Жұлдыз Сүлейменова
- Гүлдара Нұрымова
- Елнұр Бейсенбаев
- Самат Мұсабаев
- Еділ Жаңбыршин
- Саясат Нұрбек
- Сырым Ертаев
- Аманжол Әлтаев
- Жанарбек Әшімжанов
- Сырым Адамбаев
- Бақытбек Смағұл
- Ғани Ташқараев
- Берік Бекжанов
- Зарина Камасова
- Айгүл Құспан
«Қазақстан Халық партиясы» фракциясы мүшелері:
- Гауһар Нұғманова
- Айбек Паяев
- Ғабдул-Ғазиз Құлахмет
Қазақстан Халық Ассамблеясы фракциясының мүшелері:
- Ильяс Буларов
- Абилфас Хамедов.