Басты жаңалықтарМәдениет

Аңдамай сөйлеймін деп министр тағы жұртты шулатты

Көптен бері тып-тыныш жүрген кешегі сөзінен соң ел-жұртты тағы шулатты. «Аш адам шығармашылықта табысты болады» дегені әсіресе көпшіліктің ызасын келтірді.

 

АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ – ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:»Считается, что голодный человек творчески успешнее. Люди приводят в пример Бетховена, Моцарта — все жили в нищете, но творили такие шедевры».

Мәдениет министрі Мәжіліске «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы жайында есеп беруге келген. Бірақ рухиният ордалары жаңғыруға емес, жалақы зәру екен. Ауыл-аймақтағы мәдениет саласы қызметкерлерінің 38 мың теңгеге жан бағып отырғанын естіген депутаттардың жаны күйзелді.

БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН — ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
» Қазір шығармашылық адамдар интузиазммен жұмыс істеп жатыр. Жыртығын жамайтын жалақының дәрежесі жоқ. ауылдық жерлерде 38-40 мың теңге жалақы алады деген ақылға сыймайды».

Жалпы Арыстанбек Мұхамедиұлының әрбір мәлімдемесі есте қаларлық. Экспоның алдындағы дайындық кезінде де Елбасына есеп беремін деп абдырағаны бар еді.

АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ — ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:»Открытие и закрытие выставки. На открытие приглашаем Ковент-Гарден, а на закрытие — Ла Скала»

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
«Приезжают не на них посмотреть, на казахстанских людей искусства. Нет необходимости приглашать артистов отовсюду»
Дегенмен Экспоға қатысты шараларды Арыстанбек мырза абыроймен өткізді. Кешегі сөзі болмаса биыл былтырғыдай басы дауға қалған жоқ. Өткен жылдары әлдебір қыз-келіншектер Арыстанбек Мұхамедиұлы бізге қырындады деген шу шығарып, біраз талқыланып еді. Бірақ Мәдениет министрі қашанда мәдениеттен аттап өткен жоқ. Бәрінде кешіріп келеді

АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ – ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:» Өз басым ылғида кешірімді болуды қалаймын. Неге десеңіз ол адамның өмірі. Адамның былайша айтқанда шалынатын кезі болады. Бір кезде эмоцияға берілетін кезі болады».

Алайда еліміздің білдей бір министрлігінің тізгінін ұстаған Арыстанбек Мұхамедиұлы жеке басына тіл тигізгендерді кешіргенімен, қоғамға зияны тигендерді аямайды.

«Тағы да айтамын маған зияны тигендерге кешірім. Бірақ қоғамға зияны тигендерге кешірім….»

Басқа материалдар

Back to top button