АЙМАҚБасты жаңалықтарВидеоҚоғамОралӨҢІРЛЕР

Оралда ат спорты мектебінің есек бағып отырғанын естіген Сапарбаев жағасын ұстады (видео)

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған вице-премьер Бердібек Сапарбаев өңірдегі былықтарды естіп аң-таң болды. Ақын Бауыржан Халиолла Үкімет басшысының орынбасарына облыстағы келеңсіздіктерді жайып салды.

Мәселен, ат спортына арналған мектеп қазір есек бағып отырған көрінеді. Сондай-ақ, облыстық спорт басқармасының басшысы қарамағындағыларды жұмыстан қуып,  өзінің айналасындағы адамдарды әкеліп жатыр екен. Сценарийді бұзып сөз сөйлеуге шыққан ақын Бауыржан Халиолланың айтқандарына қатысты облыс әкімі Ғали Есқалиев пікір білдіріп, ақталғанымен Бердібек Сапарбаев бұл мәселелердің астанада қарастырылатынын жеткізді.

Басқа материалдар

Back to top button