Айгүл Иманбаева үйінің маңынан ине шаншылған қуыршақ тауып алыпты

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. Айгүл Иманбаеваның сөзінше, бұл бірінші рет емес. Бір жылдан бері жалғасып келе жатқан көрінеді.
Актриса мұны кім істеп жүргенін де біледі екен. Себебі, үйінің айналасында бейнекамера бар. Ашуланған Айгүл өзіне қастандық ойлап жүргендерге «аттарыңды атап, түстеріңді түстемей-ақ қояйын» деп ескерту жасады.
-Жаудың алыстан келмейтінін жақсы білемін.Мына сұмдықты кеше таптық, 1 жылдан бері әлі жалғасуда. Адамды осыншалықты жек көруге,қызғануға бола ма? Құдайдан неге қорықпайсыңдар? Мұның бәрін кім жасап жатқанына дейін біліп отырмын ғой, (жасырын камера тұрғанын байқамайды ғой)оның үстіне жүрек бәрібір де сезеді. Айтпақшы бұлардың нөкерлері көп жұмсайтын.Өздері жүрмейді.Закладчиктер сияқты адамдары бар.Неге өздеріңді, болашақ ұрпақтарыңды ойламайсыздар? Аттарыңды аттап, түстеріңді түстемей- ақ қояйын. 21 ғасырда өмір сүріп жатқан жоқсыздар ма, сендер қай ғасырда қалып кеткенсіздер?,-деп жазды әнші.
А.Орынғали
ФОТО: Ашық дереккөз



