Әкімге алғыс жауған күн
9 мамыр Жеңіс Күні қарсаңында облыс әкімі Алтай Көлгінов Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйін аралады. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты жариялады.
Алтай Көлгінов Қалам Сүйіншәлиев, Мұхтар Ажғұлов, Хамза Сафин, Алевтина Митрохина, Лидия Губанова, Иван Гапич және М.Абдрахмановтарды келе жатқан мейраммен құттықтады. Кездесу барысында облыс әкімі өңір тұрғындары атынан майдангерлеріміздің соғыс жылдарында көрсеткен ерлік істері мен батырлықтары үшін алғысын жеткізіп, ұзақ ғұмыр тіледі. Өз кезегінде ардагерлер көңіл бөліп, қамқорлық көрсеткені үшін ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, олар бейбітшілік, достық, бірлік пен келісім орнаған елімізді көруге қуанышты екенін жасырмады.
9 мамыр Жеңіс Күні қарсаңында облыс әкімі Алтай Көлгінов Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қалам Сүйіншәлиев, Мұхтар Ажғұлов, Хамза Сафин, Алевтина Митрохина, Лидия Губанова, Иван Гапич және М.Абдрахмановтардың үйлеріне барып келе жатқан мейраммен құттықтады. Кездесу барысында облыс әкімі өңір тұрғындары атынан майдангерлеріміздің соғыс жылдарында көрсеткен ерлік істері мен батырлықтары үшін алғысын жеткізіп, ұзақ ғұмыр тіледі. Өз кезегінде ардагерлер көңіл бөліп, қамқорлық көрсеткені үшін ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, олар бейбітшілік, достық, бірлік пен келісім орнаған елімізді көруге қуанышты екенін жасырмады.
Қалам Жұмашұлы — 1925 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген. 1942 жылдың күзінде майданға аттанып, Закавказье майданында әуе қорғаныс бөлімінің 345 зенит полкінде әскери міндетін атқарады.
Қ.Сүйіншәлиев Республикаға танымал көрнекті педагог-ғалым,тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.
Мұхтар Ажғұлұлы — 1922 жылы 1 мамырда дүниеге келген. 1942-1945 жылдары Отан соғысына қатысып Сталинград, Калинин, бірінші және екінші Приблатика майдандарында болды. Жұмыс жасаған кездерінде бірнеше рет аудандық, облыстық кеңестерінің депутаты, аудандық, облыстық партия комитетінің мүшесі болып сайланды. М.Ажғұлов Батыс Қазақтан облысының құрметті азаматы, сондай ақ, Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасымен, Отан соғысы ІІ дәрежелі орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен, Құрмет белгісі ІІ ордені және т.б марапатталған.
Хамза Абдрахманұлы — 1925 жылы 22 қыркүйекте дүниеге келген. 1941 жылдың шілде айынан бастап, Орал пальто фабрикасында механик, өрт сөндірушісі және зауыт электр станциясында машинисті болып жұмыс жасады. 1942 жылдың желтоқсанда 17 жасында комсомолдық өтінішімен жаяу әскері курсанты қатарына қабылданды, содан соң 1943 жылы мамырда оңтүстік-батыс майданына жіберіліп, екінші Балтық және Үшінші Белорус майданында болды. Үш мәрте жарақат алған. Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін І және ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз, Құрмет белгісі, Құрмет медалі және тағы 20 астам медальмен марапатталған.
Алевтина Тимофеевна — 1925 жылы 14 тамызда дүниеге келген. 1941 жылдың қараша айында медбикелерді дайындау қысқа мерзімді курсын оқып, аудандық әскери бөлімнің нұсқауымен оны 15994 әскери бөліміне медбике қызметін атқаруға жіберілді. 1942 жылдың 18 қарашасында Сталинград майданының ауруханасында медбике қызметін атқарды. Соғыстан кейін А.Митрохина 4 жылдық медицина бөлімін бітіріп, хирургияда мейірбикелік және практикалық сабақтарды үйренді. Жеңістің 60 жылдығына орай А.Митрохина Мәскеудегі шеруде БҚО делегаты болды. 1989 жылы М.Мәметова мұражайы жанынан құралған «Фронтовичка» клубының төрайымы.
Лидия Игнатьевна — 1923 жылы 3 тамызда дүниеге келді. 1942 жылы наурызда № 6 мектепте 9 сыныпта оқып жүргенде өз еркімен майданға аттанды. Л.Губанованы Мәскеудегі Радио мамандар мектебіне шақырылды. 1942 жылы радио операторының атын алғаннан кейін Қазанға әскери бөлімге жіберілді. 1945 жылдың тамызында ол Орал қаласына көшірілді. Соғыстан кейін 1946-1947 жылдары Орал радиостансасында, 1963 жылы Крупская атындағы облыстық кітапхананың директоры болып жұмыс істеді. 1971 жылы Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атағына ие болды.
Иван Степанович- 1923 жылы дүниеге келген. 1941 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде ол майданға ерікті болып барды. Ол ІІІ Белоруссия, І Балтық Фронтында,Смоленск,Орша, Минск,Вильнюстың шайқасына қатысқан. И.Гапич майданды Шығыс Пруссияда Кенигсбергте аяқтады. Соғыс аяқталғаннан кейін ол тағы 2 жыл қызмет Отанға қызмет атқарды.
Майдан кезінде батырлығы үшін «Отечественная война», «Красная Звезда», «Боевая слава» ,«За Отвагу», «За боевые заслуги», «За Победу над фашистской Германией», 3 дәрежелі медальдармен марапатталды. Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен тарихи Жеңіс шеруіне қатысқан БҚО тұрғыны.
Менжан Ғабдолұлы — 1926 жылы 26 қарашада дүниеге келді. 9 сынып аяқталғаннан кейін ол кеңестік әскерге шақырылды. М.Абдрахманов 1943-1944 жж. Кеңес Армиясының 49-шы резервтегі жауынгері қызметін атқарды. Совет армиясында қызмет еткеннен кейін Ішкі істер министрлігінде 15 жыл жұмыс істеді. Содан кейін ауылшаруашылық институтын бітірді. Майдан кезінде батырлығы үшін «Құрмет белгісімен», «Отечественная война» және «КСРО ішкі істер министрлігінің мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.