АЙМАҚӨҢІРЛЕРШыңғырлау ауданы

Атынан ат үркетін дүкен ашылды

Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында «Адалдық »дүкені ашылды. Бұл «Ақжайық — адалдық алаңы» атты жоба аясында іске асырылып отыр. Бұл туралы zhaikpress.kz сайтының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Жобаның  негізгі мақсаты — қандай істе де адал болу, адамдардың бір-біріне деген сенімін арттыру, жемқорлыққа қарсылық мәдениетін дамыту, адалдыққа тәрбиелеу. Шара аудан әкімі аппараты, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімімен ұйымдастырылып, енді өзге мекемелерде жалғасын таппақ. «Адалдық» дүкенінің өзгешелігі сол, мұнда сатушы болмайды. Әр адам өзіне қажетті затын алып, оның ақшасын арнаулы ыдысқа салады.

Басқа материалдар

Back to top button