Басты жаңалықтарҚоғам

Дәулет Мұқаев сынның астында қалды

Бұған дейін анасын құттықтаймын деп басы бәлеге қалған Ардақ Назаровтың кебін енді Дәулет Мұқаев киді. Парламент Мәжілісінің депутаты  келіншегінің гештальтін жабу үшін туған күнінде тосынсый жасаған. Дәулеттің әйелінің бір арманы Парламенттің папкасына жазылған адресат екен. Бірнеше жыл қатарынан күткен сыңайлы. Биыл Парламент тарайтын болғандықтан депутат та аянып қалмаған сыңайлы. Қызды-қыздымен «қолымда тұрған зат қой» деп басып жіберді.

Парламенттің адресатынан оқылған тілекті естігенде келіншегі толқып, көз жасына ерік беріпті.

Ал әлеуметтік желіде Дәулет Мұқаевтің бұл әрекеті қызу талқыланып жатыр.

А.Нәби

 

Басқа материалдар

Back to top button