Басты жаңалықтарМәдениет

Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртас М.Шахановпен қоштасуға барды

Бүгін Алматыда ақын, Халық жазушысы, Еңбек Ері Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтті. Президенттің көңіл айтуын Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оқыды. Қаралы жиынға мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да қатысты. Қоштасуға келгендер арасында Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртас бар.

Ал Халық жазушысының сүйегі ертең Түркістан облысында Арыстан бабтың жанындағы бейітке жерленеді. Өңірден облыс әкімінің орынбасары бастап келген делегация ақынның мәйітін туған жеріне алып кетті. Жаназасы да ертең оқылады.

А.Орынғали

Басқа материалдар

Back to top button