Н.Назарбаев қытайлықтарды Қазақстандағы агроөнеркәсіпті дамытуға шақырды
Нұрсұлтан Назарбаев қытай бизнесмендерін Қазақстандағы ауыл шаруашылығын саласында бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Бейжіңде іскер топ өкілдерімен кездескен Елбасы еліміздегі маңызды салалардың корпоративтік мүлік салығынан босатылғанын айтып, қытайлық кәсіпкерлерді қызықтырды.
«Қазақстан аграрлық секторға айрықша назар аударады. Бүгінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеушілерге мемлекеттік қолдауды қарастырылады. Біз соңғы жылдары алғаш рет Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттай бастадық. Қытайлық компанияларды Қазақстанға агроөнеркәсіп кешеніндегі жобаларды белсенді жүзеге асыруға шақырамыз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Екі күн ішінде қазақ-қытай тарапы 40-тан аса коммерциялық құжатқа қол қойылған. Оның жалпы құны 13млрд долларды құрайды. Қаржы институты демекші. Бүгінде Қазақстанда қытай капиталымен 3 банк жұмыс істейді. Мыңнан аса бірлескен кәсіпорын бар.