Басты жаңалықтарВидеоҚоғам

Астаналық жігіт Түркістанға барып 150 кг тасты көтерді

Наурыз мейрамы қарсаңында Түркістан облысында “Балуан тас” дәстүрі қайта жаңғырды.  Отырар ауданында палуан Арман Сүлеймен салмағы 150 келіден асатын алып тасты көтеріп, арнайы тұғырға орнатып жұртшылықты таңқалдырды. Бұл ежелден келе жатқан дәстүр болғанымен бертін келе ұмыт қалған. Өткен ғасырдың 40-шы жылдары Қажымұқан Мұңайтпасұлы көтерген. Бүгінгі ерекше шара үзілген дәстүрдің жалғасы дейді, ұйымдастырушылар. Ауыл ақсақлдары алып жігітке бата беріп, құрмет көрсетіп ат мінгізді.

-Қажымұқан атамыздың 100 жыл бұрын жасаған дәстүрін осы жерде жаңғырттық. Балуан тас көтеру дәстүрін. Әнекейі жаңа түсірдік. 200 кг шамасындағы тасты көтеріп, тұғырға қойдық,- деді Арман Сүлеймен.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button