Блогерлер мен жұлдыздар жарнамалаған шайлардан қауіпті зат табылды

Қазақстанда танымал шайлардан қауіпті қоспалар табылды. Тыйым салынғандардың арасында жұлдыздар жарнамалаған өнімдер бар. Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті олардың атын атап, түсін түстеп берді. Қатарында Алматы қаласы мен Алматы облысында өндірілетін «Апамның шәйі Premium gold», «Al-Hayat» Golg, «Балқия Premium gold», «Aje Onim»,»Al-Jannat Premium»брендтері бар. Сондай-ақ, Астанада шығарылатын «Sultan Suleyman», «Pakistan tea» мен мекенжайы белгісіз «Alfarah» шайы да қара тізімге енді. Тексеру барысында бір емес, бірнеше заңбұзушылық анықталған.
«Сатып алу және сараптама жүргізу барысында құрамында тағамдық бояғыштар (сары «күн батуы» (E110), тартразин (E102), понсо 4R (E124)) бар қара шайдың өндіріліп, сатылу деректері анықталды. Оларды шайда қолдануға рұқсат етілмейді.Бұдан бөлек, шай қаптамаларында шай өндірісі мен қапталуында расталмаған мекенжайлардың көрсетілгені белгілі болды. Бұл қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының жоқтығын көрсетеді.»
ҚР ДСМ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ХАБАРЛАМАСЫНАН.
А.Орынғали
ФОТО: Ашық дереккөз



