Басты жаңалықтарМәдениет
Әйгілі «Backstreet Boys» Қазақстанға келді

Улап-шулап Джейлоны шығарып салсақ, енді «Backstreet Boys»-ты күтіп алайық. Әлемге әйгілі топ Алматыға табан тіреді. Әншілерді тыңдармандары әуежайдан арнайы сыйлықтармен қарсы алды.
Алматылықтар қонақтарға дәстүрлі тақия мен еліміздің көк байрағы бейнеленген шоколадты сыйға тартып, қазақтың қонақжайлығы қандай болатынын көрсетті. Аты аңызға айналған ұжымның концерті ертең қаладағы Орталық стадионда өтеді. Алматы күні қарсаңында ұйымдастырылатын шоуға шамамен 27 мың көрермен жиналады екен. Ал осы жексенбі, яғни 21 қыркүйекте, «Backstreet Boys» Астанаға келіп, елордалықтар үшін ән шырқайды.
А.Нәби



