Басты жаңалықтарҚоғам
Ауа-райында тағы да циклон болады
Алдағы үш күнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлады.
«Бірінен кейін бірі келетін циклондар мен онымен байланысты атмосфералық ауа ағындары салдарынан республиканың көптеген облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел тұрып, оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал», — делінген синоптиктердің болжамында. Ауа температурасы солтүстік өңірлерде нормадан 1-3 градус төмен, ал қалған аумақтарда 3-5 градус жоғары болады.