СпортТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Созақтық спортшылар ел чемпионатында 4 алтын алды

Ақмола облысының Щучинск қаласында 13–15 маусым күндері аралығында гір спортынан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Біріншілікке еліміздің әр өңірінен мықты спортшылар қатысып, өзара сынға түсті. Бұл додада Түркістан облысының атынан қатысқан Созақ ауданының спортшылары үздік нәтиже көрсетіп, 4 алтынды облыс қоржынына салды.
Серпе көтеру жаттығуында 63 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бақыт Мақсатұлы қарсылас шақ келтірмесе, 68 келіде өнер көрсеткен Ержан Қабылбек те алтын медальді мойнында жарқыратты. Сондай-ақ, 85 келіде өзінің үздік екенін дәлелдеген Сырым Құдайберген 1-орынға жайғасса, жұлқа көтеру бойынша 63 келіде мықтылығын дәлелдеген Еркебұлан Ергешбай төртінші алтынды медальді алды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі



