Басты жаңалықтарТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫЭкономика

НДС: кімдерге және қай салаға жеңілдік бар

Енді кәсіпкерлер үшін қосымша құн салығының шегі 40 млн теңгеге дейін төмендеуі мүмкін. Салық кодексінің жобасын бүгін мәжілісмендер екінші оқылымда қабылдады. Бұл өзгеріс шағын және орта бизнес үшін салықтық міндеттемелерді жеңілдетуге бағытталған. Бұл туралы «Еуразия» телеарнасы хабарлады.

Сондай-ақ, бастапқыда үкімет ұсынған 20 пайыздық құн салығы 16 пайызға азайтылуы мүмкін. Мұнымен қоса, кодексте халыққа жеңілдік беретін бірқатар өзгерістер ұсынылған. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, отандық басылымдар мен кітап шығару, сондай-ақ жетім балалар мен ауыр дерттерді емдеуге арналған қызметтерді босату көзделіп отыр. 2026 жылдан бастап дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге 5 және 10 пайыздық төмендетілген НДС мөлшерлемесін енгізу жоспарланған.

ФОТО: Ашық дереккөз

А.Орынғали

Басқа материалдар

Back to top button