Басты жаңалықтарТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Уәли «Turkistan» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды

 «TURKISTAN MEDIA HOLDING» ЖШС-ның басшылығы ауысты.  «Turkistan» телеарнасының бас директоры қызметіне Уәли Қыдыр Сағындықұлы тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев таныстырды. Бұл туралы Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметі хабарлады.
Уәли Қыдыр 1975 жылы 21 қаңтарда Түркістан облысы Отырар ауданында дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2000 жылдардан бастап ақпарат саласында елеулі еңбек етіп келе жатқан ол түрлі басылымдар мен телеарналарда басшылық қызметтерді атқарған.
А.Нәби

Басқа материалдар

Back to top button