Басты жаңалықтарВидеоСаясат

Бір ауылдың халқы тұтас «әкім сайлауына бармаймыз» дейді (видео)

Жамбыл облысындағы  Жамбыл ауданы Қапал ауылының тұрғындары алдағы жексенбі күні болатын әкім сайлауына «бармаймыз» деп отыр.  Ауыл халқы  саяси науқан басталмай жатып әділетсіздікті байқадық дейді. Бұл туралы «31 арнаның» өңірдегі меншікті тілшісі Нұрадин Рақай әлеуметтік желідегі парақшасына салды.

Ел-жұрт екі кандидаттың бірін мүлде танымайды екен.  Ал ауыл әкімдігінде 12 жылдан бері жұмыс істеп келген екінші үміткер сайлауға екі күн қалғанда кандидаттығын қайтарып алыпты. Өзі еркімен емес, амалсыздан қайтарып алуға мәжбүр болған.

Себебі, ол 2014 жылы көрші Қырызстанға барған көрінеді. Сол сапары туралы декларацияда көрсетпеген. Сайлау комиссиясы соны біліп қалып, саяси додаға қатыстырмайтын болған.  Мұны естіген жергілікті тұрғындар қазір шулап жүр. Жексенбідегі сайлауға «бармаймыз» деп бекініп отыр.

Ауылды басқаратын азамат жергілікті жердің проблемасын білетін, халықпен етене жұмыс істеген адам болсын, дейді қапалдықтар.

А.Нәби

Басқа материалдар

Back to top button