ҚР Қарулы Күштерінің әскери-патриоттық жұмысы
Әскери қызметшілердің бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелері Қорғаныс министрлігі үшін оның қызметінің басым бағытының бірі болып табылады.
Үнемі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізіледі.
Мемлекеттік-құқықтық даярлық және ақпараттандыру жүйесінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар жобаларын іске асыру бойынша жеке құрамға жеткізу және түсіндіру ұйымдастырылып жүргізіледі.
Тәрбие жұмысы сағатында Қазақстан халқының қоғамдық келісімі мен бірлігін нығайтуға ықпал ететін мәдени, этникалық, тілдік және діни алуан түрлілікке негізделген негізгі қазақстандық құндылықтарды ашатын дәрістер мен әңгімелесулер өткізіледі.
Іс-шаралар мақсатты көркем (деректі) фильмдерді (әдебиетті) және техникалық тәрбие құралдарын пайдаланумен көрнекті қазақстандық мемлекеттік және әскери қайраткерлердің үлгілерінде өткізіледі.
Жеке құрам мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелері алдында түсіндіру іс-шараларына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, ҚР ҚК ардагерлері тартылады.
Жыл сайынғы Қорғаныс министрлігінің кешенді ақпараттық-түсіндіру тобы гарнизондарда бола отырып, Мемлекет басшысының бағдарламалық құжаттарын, Қазақстан халқына Жолдауларын жеткізді, жеке құрамды жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат туралы хабардар етті және әртүрлі тәрбие жұмысы түрлерін жүргізді.
Жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені күшейту мақсатында Қорғаныс министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігін құрды.
Қазіргі кезде 260 162 ұл мен қызды қамтыған әскери-патриоттық ұйым саны 8672 құрайды, оның ішінде:
әскери-патриоттық клубтар – 7053, қатысушы – 226748 ұл мен қыз;
«Жас сарбаз» сыныптары – 1231, оқушы – 26977;
«Smart sarbaz» үйірмесі – 388, қатысушы – 6437 ұл мен қыз.
Үстіміздегі жылдың бес айында әскери-патриоттық жұмыспен қамтылған балалардың саны үш мыңға артты.
Жыл сайын «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өткізіледі.
Анықтама:
2020 – 2021 жылдары қазіргі заман болмысы жас ұрпақты әскери—патриоттық тәрбиелеуде жаңа тәсілдерді ойлап табу қажеттілігін туындататынын ескере отырып, «Айбын» республикалық әскери—патриоттық жиыны онлайн форматта өткізілді.
Ұлттық әскери-патриоттық орталық алаңында жас патриоттар үшін — «Жас Сарбаз Хаб» коворкинг-орталығы ашылып, «Айбын» жиыны фронт-офис қосылды, брифинг-зал және «Жас Сарбаз Медиа» студиясы қосылды.
Басқа орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп «Бір тұтас ұлт – Бір тұтас әскер» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірленіп, ол Қорғаныс, Ішкі істер, Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым министрінің бірлескен бұйрығымен бекітілді.Бағдарламада жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің мақсаттары, міндеттері, жүзеге асыру мерзімдері, нысаналы индикаторлары, қаржыландыру көздері және күтілетін нәтижелер айқындалған. Бағдарлама өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруді одан әрі жетілдіруге жаңа серпін береді.Бағдарламаны орындау мақсатында наурыз айында Алматы қаласында «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері арасында бірінші Республикалық қысқы спартакиада өтті. Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу қағидаларының жобасы дайындалды, ол Үкімет қаулысымен бекітілді.Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің отбасыларына отбасылық қарым-қатынастар мен балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша құқықтық және психологиялық кеңестер беруге үлкен көңіл бөледі. Жыл басынан бері 1519 заңгерлік, 1023 психологиялық кеңестер өткізілді. 235 әскери қызметшінің отбасына балаларды мектепке дейінгі мекемелерге орналастыруға көмек көрсетілді, денсаулығында ақауы бар 303 балаға көмек көрсетілді. Балалардың денсаулық жағдайына мониторинг жасайтын шалғайдағы гарнизондарда әскери госпитальдардың штатына дәрігерлер мен медициналық медбикелер штаттары енгізілді. Қазіргі уақытта олардың қарауында мүмкіндігі шектеулі 714 бала бар.Ағымдағы жылы гарнизондарда, әскери бөлімдерде, мектептерде және балалар үйлерінде «Жүректен – жүрекке», «Отан, отбасы, армия» және «Өмірге сен» акциясының қайырымдылық акциялары өткізілді, көкөніс сироптарын шығару акциясы ұйымдастырылып, суық тиген 370 әскери қызметшілер балаларына сироптар таратылды.Әскери қызметкерлердің балаларының бос уақыты мен білім алуына көп көңіл бөлінеді, осы мақсатта түрлі үйірмелер (сурет салу, хореография, музыкалық аспаптарда ойнауды, вокал, қолөнер, тіл үйрену, тоқу, тоғызқұмалақ) және спорт секциялары (жүзу, каратэ, бокс, гимнастика, қазақша күрес, футбол, шахмат, қоян-қолтық ұрыс, волейбол, үстел теннисі, кикбоксинг, джиу-джитсу, самбо, дзюдо, ам-рестлинг) әскери балаларға арналған. Барлығы 176 үйірме мен спорт секциялары жұмыс істейді, оларда 2658 бала айналысады.
Мемелекеттік әскери-тарихи мұражайындаа іздестіру экспедициялық бөлімі жерлеу орындары белгісіздерді анықтау мен олардың естеліктерін мәңгілік ету жұмыстарын атқаратын оннан аса бала қамтылған. Мұрағаттар мен далалық іздестіру жұмыстары барысында 3224 жауынгер мен командирдің соғыстағы тағдырлары белгілі болды.. жыл сайын іздестіру отрядымен іздестіру экспедициясы өткізіледі. Әскери қызметкерлердің балалары оқитын мектепке дейінгі мекемелермен және мектептермен үнемі өзара іс-қимыл ұйымдастырылып, «Ерлік сабақтары», «Ашық есік күндері» өткізіледі. 931 мектепте 880 артық «Ерлік сабақтары» өтіп, оған 8 мыңнан астам бала қатысып БАҚ-та жарияланды.
Үш республикалық «Жас ұлан» мектептерінде Астана қаласы Әскери колледжінде 1000 астам бала білім алуда. Мектепке алуда жетім балалар өз борыштарын өтеу барысында қайтыс болған әскери қызметшілердің балаларына жеңілдіктер қарастырылған. Мектеп оқушылары үнемі әскери-патриоттық іс-шараларға қатыстырылады. Жақын арада олармен «Ардагерлерге тағзым» және «Мейірімділік біріктіреді» акциялары, Ұлы Отан соғысы жылдары қайтыс болған жауынгерлер ескерткіштерін тазалау, қарттар үйіне барып ардагерлерге шаруашылығына көмек көрсетілді.
Ағымдағы жылы 2023 жылдың 17 мен 23 маусымы аралығында Қарағанды облысындағы Спасск оқу-жаттығу орталығының базасында Қазақстанның барлық аймақтарынан патриоттық клубтар, әскери оқу орындарының оқушылары арасында «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынын (бұдан әрі – Жиын) өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, ҰҚК Шекара қызметінің және Ұлттық ұланның әскери бөлімдері мен мекемелерінде құрылған «Жас ұлан» республикалық мектептері мен әскери-патриоттық клубтардың оқушылары, облыстық іріктеу турларының жеңімпаздары қатысады.