Басты жаңалықтарҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Әскери бөлім құрылған күнін атап өтті

 ҚР ІІМ Ұлттықұланының 6506 әскери бөлімінде бөлімнің құрылғанына 62 жыл толуына арналған салтанатты ісшара өтті. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады. 

6506 әскери бөлімінің тарихы өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастау алады. ҚазақКСР Ішкі істер министрі 1961 жылғы 7 қазанда ҚазКСР ІІМ Ішкі әскерлер және айдауыл күзеті бөлімінің жеке дивизионын ұйымдастыру жәнеқалыптастыру туралы бұйрыққа қол қойды.

1962 жылы 6 қарашада милиция генерал-майоры Құлахмет Халменов дивизион командирі подполковник Петр Головачевке ЖауынгерлікТуды табыс етті. Осы маңызды оқиғаны еске алуүшін Ту берілген күн әскери бөлімнің туған күніболып белгіленді.

Салтанатты рәсімге бригаданың басшылығы,ардагерлері мен жеке құрамы, сондай-ақ өзараіс-қимыл жасайтын органдардың өкілдері қатысты.

«62 жыл ішінде біздің бригада қалыптасумен дамудың үлкен жолынан өтті. Қазіргіуақытта бригаданың жеке құрамы Шымкентжәне Түркістан қалаларында қоғамдықтәртіпті сақтап, бұқаралық іс-шаралардыөткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.Бүгінгі таңда біздің әскери қызметшілерөздерінің жетістіктерімен қазақстандық ағабуын жауынгерлерінің дәстүрлерін жалғастыраотырып, жүктелген сенімді ақтауда. Барлықжеке құрамды осы айтулы күнмен шынжүректен құттықтаймын», деді әскери бөлім командирі полковник Марат Рахпанов.

Осындай маңызды ісшара аясында жекеқұрамға үлгілі қызметі үшін грамоталар табыс етілді. Әскери бөлімнің дамуына үлес қосқан және оның қалыптасу басында тұрған ардагерлерге ерекше назар аударылды.

Марапаттау рәсімінен кейін қонақтарға әскери оркестр мен Шымкент қаласы филармониясы солистерінің орындауында мерекелік концерт ұсынылды.

Салтанатты шара ұжымдық суретке түсумен аяқталды.

Басқа материалдар

Back to top button